• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Мұхтархан Ділдәбеков: «Әттең, Қамшыбекке бір «қамшы» жетіспей тұр» (ВИДЕО)

    You tube-тегі QAZAQ RING арнасында Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, аса ауыр салмақта Олимпиалық ойындардың және әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, «Парасат» орденімен иегері Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан ұлттық құрама командасының аса ауыр салмақтағы боксшысы Қамшыбек Қоңқабаевтың шаршы алаңдағы жекпе-жектері туралы ойларын айтты.

    2000 жылғы Сидней Олимпиадасының күміс медалисі ұлттық құраманың боксшысына батылдық жетіспей тұрғанын ескертті.

    Азия ойындары болсы, басқа жарыс болсын қазақ пен өзбектің бәсекесі бар. Жеңілген қарсыласыңды жеңу үшін жұмыс істеу керек. Қамшыбектің мысы бар. Бірақ оны ұратын «қамшы» жоқ. Қамшыбектің нокаутқа жіберетін соққылары жоқ. Түртіп жүреді. Ал оған қарсыласынан қашпау керек. Қамшыбек сенімсіз бокстасады.

    Спортта өмір тез өтіп кететінін білесіздер ғой. Енді Қамшыбек менің осы сөздерімді естіп, ашу келіп, бір оянар, — деді ол боксшыны қайрап.

    Студия қонағы Азия ойындарына аттанған ұлттық құрама командаға сәттілік тілеп, қазақ боксына қатысты басқа да ойларын айтты.

    Еске сала кетсек, кеше бокстан Қазақстанның ұлттық құрама командасы Алматы халықаралық әуежайынан Қытайдың Ханчжоу қаласына XIX жазғы Азия ойындарына қатысу үшін бірінші чартерлік рейспен ұшып кетті.

    Бүгін олар Олимпиадалық қалашықта еліміздің мемлекеттік туының салтанатты түрде көтеру рәсіміне қатысты. Енді боксшылар төрт күн жарысқа дайындалады. Ұлттық құраманың алғашқы жекпе-жектері 25 қыркүйекте болады.

    Тағы бір айтатын нәрсе, биылғы Азиадан кейін ҚБФ президентінің жеке қаражатынан сыйақылар беріледі. Алтын медаль үшін чемпиондар 50 мың АҚШ долларын, күміс жүлдегерлер 30 мың АҚШ долларын, қола медаль үшін 10 мың АҚШ долларын алады.

    Қытай шаршы алаңында ел намысын қорғайтын боксшылар:

    51 кг. Сәкен Бибосынов

    57 кг. Махмұд Сабырхан

    63,5 кг. Ертуған Зейнулинов

    71 кг. Асланбек Шымбергенов

    80 кг. Нұрбек Оралбай

    92 кг. Сағындық Тоғамбай

    +92 кг. Қамшыбек Қонқабаев.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    ФОТО: Olympic.kz

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *