• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Алматы

    Алматыда әріптестеріміз Амангелді Сейітхановты еске алды (ФОТО)

    Алматыда осымен екінші рет белгілі спорт комментаторы, ақын, сөз зергері Амангелді Сейітхановты еске алуға арналған шағын футболдан респубикалық турнир болып өтті. Бізде былтырғы өткен жарыстағыдай бір команда сайлап апарып аламан журналистер жарысына қосылған едік. «Спорт журналистері» деген атпен сынға шыққан менің командам тамаша ойын өрнегін көрсетіп, жарыс басталғаннан бастап көрерменді өзіне бірден баурап алды. Командамыздың құрылуына ұйытқы болып шапқылап, жас ...

    Read More »

    Алматыдағы марафонда тағы бір адам қайтыс болды (ВИДЕО)

    Жақында Алматыда өткен «Тенгри Ультра» марафонға қатысқан 41 жастағы азамат мәреге санаулы метр қалғанда қайтыс болған еді. Ол осымен жарысқа төртінші рет қатысқан көрінеді. Қайтыс болған азамат денсаулығына қатысты шағым айтпапты. Осы оқиғаға байланысты 24.kz марафонды ұйымдастырушылар мен дәрігерлердің жүгіру жарысына қатысқан азамат туралы пікірлерін жариялады. Дәрігерлердің айтуынша, марафон талаптарын күшейту қажет. Себебі, жыл сайын жүгіру жарысында кемінде бір адамның ...

    Read More »

    Азамат Дәулетбеков Поддубный лигасында жеңімпаз атанды

    Еркін күрестен Азияның екі дүркін чемпионы Азамат Дәулетбеков Алматыда өтіп жатқан Poddubny Wrestling League турнирінің жеңімпазы атанды. Ол 86 кг салмақта ресейлік Арслан Багаевпен белдесіп, жеңіске жетті. Поддубныйдың күрес лигасы (Poddubny Wrestling League) – әлемнің мықты спортшылары қатысатын және рекордты сыйлық қоры бар кәсіпқой балуандар лигасы. Бұл жарысқа ел намысын 72 кг салмақта әлем чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері, Азия ...

    Read More »

    Алматыда спорттық гимнастикадан Спартакиада басталды

    Алматы қаласында спорттық гимнастикадан Қазақстанның VI жазғы Спартакиадасы басталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Төрт жылда бір келетін бұл жарысқа 7 өңірден 40-тан аса ер адам, 8 өңірден 50-ге тарта таңдаулы әйел гимнаст қатысады. Командалар шеруінде Республикалық Спортты дамыту дирекциясының және облыстық спорт басқармасының өкілідері сөз сөйлеп, атлеттерге сәттілік тіледі. Бүгін ерлер мен әйелдер іріктеу ...

    Read More »

    Өмір қимыл-қозғалыс және әрекеттен тұрады

    Өмір өзі қимыл, қозғалыс, әрекеттен тұрады емес пе?! Егер осы бір адамға берілер үш қасиет тоқтаса өмір де тоқтайды. Бескүндік бұл жалғанда адам өмірге қонақ. Сондықтан да қамшының сабындай қысқа ғұмырымызды мәнді, мағыналы етіп өткізгенге не жетсін. Денсаулықтың қадірін біз тек бір жеріміз сырқырап ауырғанда ғана білеміз. Ибн Сина: «Ауырып тұрып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде», — деген екен. Ендеше ...

    Read More »

    Шымбұлақ тау курорты Гиннестің рекордтар кітабына енді

    Шымбұлақ тау курорты әлемдегі ең биік жарықтандырылған түнгі шаңғы трассасы ретінде ресми түрде Гиннес рекордын жаңартты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Гиннес рекордтар кеңсесінің судьясы Шейда Субаши-Гемиджи тау шаңғысы курортының бас директоры Ринат Әбдірахмановқа әлемдік рекордты растайтын сертификатты теңіз деңгейінен 3 200 метр биіктіктегі Талғар асуы станциясында табыс етті. Шымбұлақ таулы курортының ресми түрде әлемдегі ең биік түнгі шаңғы трассасы ретінде ...

    Read More »

    Алматыда футбол жанкүйерлері жаппай төбелесе кетті (ВИДЕО)

    Алматыдағы орталық стадионда футбол матчтарының бірінде жанкүйерлер арасында төбелес болған. Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-дағы Ruh_Ultras парақшасына жарияланды. Бейнежазбадан тәртіп сақшыларын да көруге болады. Жазбаның сипаттамасында төбелестің «Қайрат» пен «Каспий» футбол клубтары арасындағы матч кезінде болғаны хабарланған. Оқиғаға қатысты полицейлер түсінік берді. Алматы қалалық ПД орталық стадионда футбол ойыны кезінде тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқарған полицейлердің адам көп жиналатын ...

    Read More »

    Маңғыстаулықтар – кёрлинг жеңімпазы

    Қысқы спорт түрі кёрлингтен XXIII республикалық чемпионатта аралас командалар арасынан маңғыстаулықтар бірінші орынды жеңіп алды. Финалға Алматы мен Астана қалаларының және Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарының командалары, сондай-ақ есту қабілеті төмен ойыншылар командасы мен мүгедектер арбасын пайдаланушылар командасы да қатысты. Сайыс қорытындысында маңғыстаулықтар жеңімпаз атанды. Екінші орын Астана қаласына бұйырып, үшінші орынға Қостанай облысы ие болды. Одан кейінгі ...

    Read More »

    Алматыда грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Спартакиада басталады

    Бүгін Алматыда ересектер арасында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Спартакиада басталады. Жарыстар 3-7 ақпан аралығында өтеді. Спортшыларды Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында сынға түседі. Күндізгі бағдарлама 10.30-да, кешкі бағдарлама — 18.00-де басталады. Бірінші болып жарысты «классиктер» бастайды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Алматыда IV қысқы Жастар спорт ойындары басталды

    Алматы қаласында IV қысқы Жастар спорт ойындары басталды. Төрт жылда бір өтетін кешенді жарыстың шымылдығын шаңғымен тұғырдан секірушілер мен керлингшілер ашты. «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде 4 өңір – Алматы қаласы, ШҚО, Жетісу және Алматы облысының жас спортшылары 5 жас санатында жарысқа қатысып жатыр. Бүгін өрендер К-20, К-40 және К-60 тұғырынан секіріп, үздіктерді анықтады. К-20 (20 метр биіктен), ұлдар: Ибраһим ...

    Read More »