• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Алматы

    Алматыдағы спорт колледжі жанындағы мектеп-интернат қайта ашылды

    Алматыдағы Республикалық спорт колледжі жанындағы мектеп-интернат қайта ашылды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов айтты. «Министрлікке келіп түскен түйткілді мәселелерді саралап, шешу жолдарын қарастырып жатырмын. Солардың ішінде маңыздысы – Алматыдағы «Республикалық спорт колледжі» жанындағы мектеп-интернаттың жұмысын қайта жандандыруға қатысты ата-аналар мен ұстаздар тарапынан түскен өтініштер. Былтыр аталған оқу орны жабылып, дарынды оқушылар, жаттықтырушылар мен ұстаздар басқа білім беру ...

    Read More »

    Бибісара Асаубаева: «Биыл мен үшін маңызды жарыс көп»

    Астанаға блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева мен анасы әрі жеке жаттықтырушысы Лиана Таңжарықова келді. Оларды әуежайдан БАҚ өкілдері, шахматтан ұлттық құраманың бас бапкері Павел Коцур мен Спортты дамыту дирекциясының ресми өкілдері күтіп алды. Осы жерде шахматшы журналистерге биылғы жоспары туралы аз-кем айта кетті. Биыл бірқатар маңызды жарыста ойнаймын. Әлемдік гран-прилер сериясы, әлем кубогы мен әлем чемпионатында жақсы ...

    Read More »

    Мәдениет және спорт министрлігі дзюдошыларға 200 кимоно табыс етті (ФОТО)

    Мәдениет және спорт министрлігі дзюдошыларға Алматыдағы оқу-жаттығу жиынында 200 кимоно табыс етті. Бұл туралы ведомствоның Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады. Күреске арналған киім танымал Жапонияның Mizuno компаниясының өнімі. Жалпы, Алматы облысындағы «Жаңашар» олимпиадалық даярлау орталығына барлығы 130-дан астам татами шебері жиналды. Франциядан келген әлемдік дзюдо шебері, үш дүркін Олимпиада чемпионы, 11 дүркін әлем чемпионы және 5 дүркін Еуропа чемпионы ...

    Read More »

    Шетелдің атақты спортшысы Қазақстанда жаттығып жатыр

    Францияның атақты дзюдошысы, үш мәрте Олимпиада, 11 дүркін әлем және 5 рет Еуропа чемпионы атанған Тедди Ринер Қазақстанда жаттығып жатыр. Қазақстан дзюдо федерациясының хабарлауынша, еліміздің ерлер және әйелдер ұлттық құрамалары жаңа маусымға дайындықты бастады. Құрама командалар Франция дзюдо федерациясымен бірігіп, жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиындарын Алматы қаласы мен Алматы облысында өткізуде. Бұл жиында отандастарымыз франциялық спортшылармен шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуда. Алматы ...

    Read More »

    Әлем чемпионаты тарих қойнауына кетті

    Алматыда жылдам және блиц шахматтан әлем чемпионатының жабыл салтанаты өтті.  Бір аптаға созылған  әлемдік додаға  таңдаулы гроссмейстерлер қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Әлем чемпионатының салтанатты жабылу рәсімінде сөз сөйлеген Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев  доданың елімізде өтуіне мұрындық болған Халықаралық шахмат федерациясына (FIDE) алғысын білдірді.  Бұған дейін де спорт түрлерінен әлем чемпионаты, басқа да маңызды додалар  өтіп келе  жатқан Алматы қаласының ...

    Read More »

    Алматыда шахматтан әлем чемпионаты басталды

    25-30 желтоқсан күндері Алматы қаласында рапид және блиц шахматтан әлем чемпионаты өтеді. Бұл додада 50 елдің шахматшылары чемпион атағына таласады. ФИДЕ аясында өтетін турнир Балуан Шолақ спорт және мәдениет сарайында болады. Чемпионаттың жүлде қоры – 1 млн доллар. Ашық турнирлерге жалпы саны 176 ойыншы қатысады. Ал әйелдер турнирінде 98 шахматшы бақ сынайды. Чемпионатқа әлемнің мықтылары жиналған. Олардың ішінде қазіргі әлем ...

    Read More »

    Алматыда шахматтан әлем чемпионаты өтеді

    Алматыда шахматтың рапид және блиц түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Қала әкімдігінің мәліметіне қарағанда, жарыс 25-30 желтоқсан аралығында Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында болады. Оған 50 мемлекеттен 300-ге жуық шахматшы қатысады. Ашық турнирлерде 176 ер мен 98 әйел бақ сынасады. Чемпионаттың жеңіске үміткерлері қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен (Норвегия, желтоқсан айындағы тізімдегі рейтингі 2859, Хикара Накамура (АҚШ, 2768), Фабиана ...

    Read More »

    Алматыда Әлем кубогы басталды

    Бүгін Алматыда шорт-тректен Әлем Кубогының кезекті кезеңі басталды. Ол Алматы қаласындағы «Халық Арена» мұз сарайында өтуде. Жарысқа Қазақстан командасының құрамында ерлерден Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Нұртілек Қажығали, Еркебұлан Шамұханов, Санжар Жаңысов, әйелдерден Ольга Тихонова, Яна Хан, Мадина Жанбусинова, Анастасия Астраханцева, Алина Әжіғалиева мен Алена Волковицкая қатысады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Алматыда боксшылар титулдық жекпе-жек өткізеді

    Қазақстан боксшылары 11 желтоқсан күні Алматыда өтетін кеште бірден үш титулды жекпе-жекке шығады. Бокс кешінің ұйымдастырушысы Movida promotions мәліметіне қарағанда, басты жекпе-жекте бірінші жартылай орта салмақтағы Жанқош Тұраров пен Луис Энрике Ромеро жартылай орта салмақтағы IBO Intercontinental чемпионы атағы үшін қолғап түйістіреді. Жеңіл салмақтағы боксшы Ангелина Лукас UBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы үшін танзаниялық Лулу Каяджемен кездеседі. Ал орта салмақтағы Елхан Табынбаев WBC Intercontinental белдігі үшін бразилиялық ...

    Read More »

    Желтоқсан қаһармандары тағы алаңға шықты

    Биыл еліміз тәуелсіздігінің таңының арайлап атқанына 35 жыл толды. Алаш жұрты ғасырлар бойы тарам-тарам ұрпақ арқылы арман еткен ел тәуелсіздігін жеңіп алып берген Желтоқсан батырлары тарих бетінде өшпес із қалдырғаны даусыз.Ал енді сол  бастарын ақ шалған тәуелсіздігіміз үшін жан беріп, қан төккен  Желтоқсан қаhармандары бүгінде  салауатты өмір салтын насихаттап, өскелең ұрпаққа үлгі болып жүр. Алматы қаласындағы «Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық ...

    Read More »