• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Sagadat batyr спорт клубы 2023 жылды қорытындылады

    Даңқты батыр, Халық қаһарманы, соғыс ардагері Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың туғанына 100 толуына орай алғашқы іс-шараны Sagadat batyr спорт клубы ұйымдастырды. 

    Джиу-джитсу және Грэпплинг бойынша жұмыс атқаратын спорт клубының негізін 2015 жылы Нұрсұлтан Жұмабайұлы Орынбасаров Алматы облысы, Іле ауданында қалаған. Аталмыш спорт клубы 8 жыл бойы жүзден аса чемпиондар шығарып, шәкірттері әлемдік додаларда топ жарды.

    Sagadat batyr спорт клубы үшін 2023 жыл да жемісті болды. Жыл бойы атқарылған жұмыстар мен жетістіктерді қорытындылап, есеп беру үшін өткізілген шара жоғары деңгейде өтті. Іс-шарада Алматы облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы спорт клубының президенті Ерболат Сапарұлы Тұрымбетов құттықтау сөзді сөйлеп, 2023 жылы үздік атанған шәкірттерге номинациялар мен алғыс хат табыс етті.

    Салтанатты жиынға құрметті қонақтар қатарында Алматы облысы спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабекұлы, Алматы облысы мәдениет басқармасының басшысы Данияр Алиев, Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Алматы Джиу-джитсу федерациясының президенті Руслан Идирисов, «Алға Петербург» жобасының авторы, блогер Иван Червинский, Алматы облысы жекпе-жек спорт мектебінің директоры Ербол Нұрсұлтанұлы,

    Жастар ісі жөніндегі басқарманың басшысы Мәди Абылайұлы қатысты.

    Алматы облысы спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабекұлы Sagadat batyr спорт клубының бас бапкері Нұрсұлтан Жұмабайұлын Орынбасаров «үздік жаттықтырушы» төсбелгісімен, спорт клубының бапкерлері Самат Айтпанбет, Елжан Жұмәділ, Диас Қанайбеков, Санжар Қанайбек, Нұртуған Бекмұрат, Нариман Даулбаев, Райымбек Ержан, Олжас Досымжан, Мақсат Мұратұлын алғыс хаттармен марапаттады.

    2023 жылы «Жыл үздігі-2023» номинациясымен мараптталған спортшылар:

    Адия Зайнулина

    Дана Ержан

    Аслан Сағындық

    Алинур Жангалық

    Сұлтан Мэлс

    Мерей Асқарұлы

    Тимур Рахматвой

    Сұлтанбек Бекнур

    Делдикбаев Абдурахман

    Мирас Жангалық

    Ұлықбек Нұрсадықұлы

    Али Дамысұлы

    Мухаммедияр Сейсен

    Амаль Бахтиярулы

    Тимур Зайнулин

    Ахмедияр Сейсен

    Хусейн Рустамов

    Ильяс Харунулы

    Дидар Ханқожа

    Мадамин Бексултан

    Амир Рахматвой

    Қазбек Тәжибай

    Алдияр Қуат

    Абзал Бахтиярулы

    Карим Идрисов

    Сергей Девятериков

    Асылбеков Ибрагим

    Болыс Айдар

    Алан Гройлих

    Шыңғыс Аблюқат

    Таймасс Салимов

    Айбат Олжатай

    Сұлтан Кабулов

    Жандос Жанабай

    Абылайхан Асқар

    Алимжан Ержан

    Адия Оспанова

    Амила Азаматқызы

    Асия Азаматқызы

    Амир Оспанов

    Арғын Ардақұлы

     

    Данияр КӘРІМЖАН,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *