• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Алматы

    Бала денсаулығы – басты назарда

    Алматыда «Педиатрия және балалар хирургиясының жетістіктері мен даму болашағы» атты Қазақстан балалар дәрігерлерінің Х съезі және «Жас зерттеуші: заманауи педиатрия және балалар хирургиясының сын-тегеуріндері мен даму болашағы» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.   Төрт жылда бір рет өткізілетін шара биыл 4 500-ден аса балалар дәрігерлерінің басын қосты. Іс-шараның басты мақсаты — еліміздегі педиатриялық қызметтің жетістіктері мен даму болашағын саралау, ...

    Read More »

    Алманың отаны – Алматы

    Халықаралық алма күніне байланысты Алматыдағы Президент Іс басқармасына қарасты «Almaty Resort» шипажайында дәстүрлі алма фестивалі өтті. Мерекені тамашалауға келген көпшілікке аспаздың қиялынан туған алмадан жасалған түрлі дәм ұсынылып, дастархан жайылды. Шипажай директорының айтуынша, алма мерекесін өткізудің мақсаты- демалушылар мен келушілерге көтерінкі көңіл-күй сыйлау. Сондай-ақ жеміс тарихын насихаттау. Халықаралық алма күніне орай біздің аспаз қыз-жігіттер арнайы рецепт бойынша жаңа піскен алмадан ...

    Read More »

    Қазақстан велоспорттан Азия чемпионатында көш бастады

    Алматыда тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады olympic.kz Қазақстан құрамасы жалпы есепте көш бастады. Ұлттық құрама 6 алтын, 3 күміс және 6 қола медальді иеленді.  Екінші орынды 2 алтын, 1 күміс иеленген Тайпей командасы алды. Үшінші орынға 2 алтын жүлдесі бар Оңтүстік Корея ие болды. Сонымен бірге Азия чемпионатында Өзбекстан, Индонезия, Қытай, БАӘ командалары бір-бір  алтын жүлдеден жеңіп ...

    Read More »

    Шахматтан АЧ: рапидтен чемпиондар анықталды

    Шахматтан Алматы қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы XVI Азия чемпионатында рапид сайысында чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Оның нәтижесінде елімізден төрт ойыншы, ФИДЕ, яғни Ресей мен Үндістаннан үш-үш адамнан, Вьетнам мен Ираннан бір-бір шахматшыдан чемпион атанды. Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде екі күнге созылған сайыста 7 жастан 18 жасқа дейінгі 630-ға жуық ...

    Read More »

    Алматыда шахматтан Азия чемпионаты басталды

    Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында шахматтан жасөспірімдер арасындағы XVI Азия чемпионаты басталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Оған 7-18 жас аралығында 34 елден жиналған 650-ге жуық жас ойыншы қатысып жатыр. Бұл еліміз қабылдаған халықаралық деңгейдегі шахмат турнирі арасында бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Жас шахматшылар 10-20 маусым аралығында классика, рапид және блицте бақ сынайды. Чемпионат Туризм ...

    Read More »

    Ақпейіл Өсім велоспорттан Азия чемпионы атанды

    Бүгін Алматы қаласында тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатының кезекті жарыс күні болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. 23 дейінгі қыздар арасындағы 112,6 шақырымтоптық жарыста ұлттық құраманың спортшылары қос жүлдені жеңіп алды. Отандасымыз Ақпейіл Өсім мәре сызығын 2:56:51 уақыт көрсеткішімен бірінші болып кесіп өтсе, Елизавета Склярова қола медаль иеленді. Күміс жүлде индонезиялық Девика Соваға бұйырды. Азия чемпионатында ...

    Read More »

    Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды

    Бүгін Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлады olympic.kz. Таңғы бағдарлама аясында алғашқы медальдар жиынтығы сарапқа салынды. Спорттық жүрістен алматылық Ясмина Тоқсанбева топ жарды. Екінші орынды Галина Якушева (ШҚО), үшінші орынды Эльмира Калимуллина (Алматы) жеңіп алды. Ерлер арасында Алматы қаласының тұрғыны Виталий Терехин жеңіске жетті. Балға лақтырудан Анастасия Калошина (ШҚО) чемпион атанды, Диск лақтырудан ерлер арасында Евгений Миловацкий (Маңғыстау ...

    Read More »

    Қош бол, Хамзе бауырым!

    Өмір деген қамшының сабындай қысқа дегенге адамның көзі жетпей әй сене қоймас. «Тас түскен жеріне ауыр», — деген ғой бабаларымыз, біз ет жақын, көз көрген құрметпен араласатын достарымыздан айрылып қалғанда барып аһ ұрып қаламыз. Бүгін жер қойнына жанымызға жарық беріп, араласып жүрген ардақты дос, қайырымды әрі сабырлы жан, тұғырлы тұлға, футбол шебері, аялуы азамат Хамзе Бақытұлы бауырымызды жер қойнына тапсырдық. ...

    Read More »

    Алматыда «Дүйсенбілік спорт» жобасы жалау көтерді

    Алматыда «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында NEET санатындағы жастар арасында волейболдан чемпионат болды. Бұған дейін «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында Алматы қаласы базар жастарының арасында шағын футболдан турнир өткен болатын. Биылғы додаға «Қырғауылды», «Бақорда»,  «Арғымақ», «Арғымақ1», «АлтынОрда», «Бақорда» т.б сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастар мен NEET санатындағы VKM, «Белгібай», «Отау-Құрмет» яғни, жұмыссыз жастардан құралған 16 команда қатысты. Жыл сайын дәстүрге айналған «Дүйсенбілік ...

    Read More »

    Пара велоспортшылар Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды

    Пара велоспорттан Алматыда өткен XI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс және бір қола медальді жеңіп алды. Көру қабілеті зақымданған спортшылар арасында өткен тандемдік дисциплинасында Сейітжан Кенжегүл (стокер) мен Антон Лаврентьев (пилот) мәреге 20:27.9 уақытта жетіп, чемпион атанды. Екінші орынды иеленген Александр Малыгин (стокер) мен Дэвид Кусаков (пилот) мәреге 21:13.5 минутта кесе, қола медаль Тәлім Дастан (стокер) мен ...

    Read More »