Велоспорттан Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасы алтын медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасының спортшылар аралас командалық эстафетада топ жарды. Бұл бәсекеде ел намысын Рината Султанова, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан, Махаббат Үмітжанова мен Фаина Потапова қорғады. Екінші орынды Өзбекстан, үшінші орынды Гонконг командасы иеленді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Tag Archives: Алматы
Еуропалық Одақтың бизнес өкілдерімен кездесу
Алматыда Еуроодақ агроазық-түлік кәсіпорындарының делегациялары бас қосты. Қазақстан Орталық Азиядағы ЕО-ның негізгі серіктесі. Тығыз ынтымақтастық миссия ЕО-ның Қазақстандағы агроазық-түлік позицияларын нығайтуға бағытталған. Бұл өз кезегінде Қазақстандағы агросаланың дамуына ғана емес, Орталық Азиядағы басқа елдерге де оң әсер етіп, ЕО-ның агроазық-түлік тауарын экспорттаушыларға аймақты кеңейтуге көмектеседі. Осыған байланысты ЕО агроазық-түлік кәсіпорындарының Еуропалық делегациясымен қазақстандық кәсіпкерлер кездесіп, әңгіме дүкен құрды. Бизнес – ...
Read More »Қазақстан мен Беларусь дене шынықтыру мен спорт саласындағы келісімге келді
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің спорт министрлері кеңесі аясында туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Беларусь Республикасының спорт және туризм министрі Сергей Ковальчукпен екіжақты келіссөз өткізді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Ведомство басшылары екі ел арасындағы әріптестікті одан әрі дамытудың маңызды мәселелерін талқылады. Қазақстан мен Беларусь арасындағы ынтымақтастық экономиканың негізгі салаларында жан-жақты дамып келеді. Екіжақты байланыстар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Еуразиялық ...
Read More »ШЫҰ-ға мүше елдердің өкілдері Олимпиадалық даярлау орталығымен танысты (ВИДЕО)
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің дене шынықтыру және спорт саласына жауапты басшылары Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Кездесуде туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, Ресей Федерациясы, Иран Ислам Республикасы, Беларусь, Өзбекстан, Тәжікстан мен Үндістанныңтуризм және спорт министрлері мен өкілдеріне орталықтың жұмысы мен қызметі туралы айтып берді. Олимпиадалық ...
Read More »Цифрландыру — бүгінгі білім берудегі жаңа негізгі бағыт
Алматыда «Цифрлық жаңғыру-2024» атты форумы өтті. Бизнес-форум ірі коммерциялық компаниялар мен мемлекеттік органдардың өкілдерін бір алаңға жинады. Қатысушылар цифрлық бұлттық технологиялар, монетизацияның негізгі құралдары, Қазақстандағы инновациялық даму барысы мәселелерін талқылады. Цифрландырудың негізгі трендтерінің ішінде форум спикерлері генеративті жасанды интеллекттің дамуын ерекше атап өтті. Мұндай шешімдер қазірдің өзінде компанияның процестерін оңтайландырып, оған құндылық бере алады, ал болашақта олардың инвестициялық тартымдылығы одан ...
Read More »Маңдайымызға сыймай кеткен тау тұлға
Бүгін қазақ халқының дара тұлғасы, елдегі таеквондо спортының негізін қалаған, халықаралық деңгейдегі таеквондо шебері, спорттың осы түрінен 7-дан қара белбеу иегері Мұстафа Өзтүрік көзі тірі болғанда 70 жасқа толар еді. Әйгілі әлем таныған таеквондо шебері елім деп сонау 1992 жылы туған жеріне табаны тиіп, сағынышын баса алмай келгені әлі есімізде. Анадан артық туған қазақтың Мұстафасы бұған дейін әлем ареналарында өнер ...
Read More »Тау тұлға ағамыздың турнирі (ФОТО)
Алматыда аты әлемге мәшһүр балуан, Олимпиада және әлем чемпионы, «Еңбек ері» атағының иегері Жақсылық Үшкемпіровты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында республикалық турнирдің жалауы көтерілді. Жақсылық ағамызды артық айтқанымыз емес, жас та кәрі де жақсы көруші еді. Өйткені, Жәкең марқұм жетімнің басын сипап, жесірге жәрдем, еліне демеу болған, халық сүйіп құрметтейтін ерекші тұлға болғанын жақсы білеміз. Алысқа бармай-ақ өз шаруашылығын дөңгелетіп ...
Read More »Білімді мыңды жығады (ФОТО)
«Білімді мыңды білімсіз бірді жығады», деген бабаларымыз. Бұл сөзді ата бабаларымыз тегін айтпаса керек. Осы бір-екі ауыз сөздің ішінде қаншалықты мән мағына жатыр десеңізші. Бүгінде саңлақ спортшы болып қалыптасу үшін білімдінің сақасы оңынан түсері уақыт көрсетіп келеді. Сондықтан да білімді спортшы болып өсіп жетілсе алмас қамал болмас. Кеше К. Ахметов атындағы Олимпиадалық ізбасарларды дайындайтын республикалық мектеп-интернат колледжінің қабырғасында балалардың білімі ...
Read More »Спорттық семинардың пайдасы зор болды (ФОТО)
Жуырда Алматы қаласындағы К.Ахметов атындағы Олимпиада ізбасарларының республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің ұйымдастыруымен «Спорттық оқу орындары ұстаздарының педагогикалық тәжірибесін талдап, қорытындылау барысында зияткерлік құндылықтар жүйесін қалыптастыру» атты республикалық интерактивті семинар — практикум өтті. Семинардың ашылу салтанатында Лаура Қадырқызы Айтбаева айтулы мектеп-интернаттың тарихы мен жетістіктері туралы баяндама жасады. Келесі кезекті белгілі спорт зерттеуші маман педагогика ғылымдарының докторы, профессор Анатөлі Қожекенұлы Құлназаров «Қазақстанда ...
Read More »Шынықсаң шымыр боларсың…
Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында Алматы қаласының «Көктем» санаториясының спорт залында алғаш рет журналистерге арналған волейболды отырып ойнаудан инклюзивті турнир өтті. Мүгедектігі бар спортшылармен бірге ойнап көру және Париж 2024 Паралимпиада ойындарының алдында атлеттерге қолдау көрсетуге арналған сайысқа «Ситибанк» демеушілік жасады. Ойынға қатысатын волейболшылар бес командаға іріктеліп, ойын алдында түрлі дене жаттығуларын жасады, қатарға тұрып еліміздің әнұранын шырқады, журналистер ойын ...
Read More »