• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: спортшылар

    Бүгін V Азия Пара ойындарының жарыстары басталады

    Бүгін Жапонияның Нагоя қаласында V Азия Пара ойындары аясындағы алғашқы жарыстар басталады. Қазақстан спортшылары пара үстел теннисінен жекелей сында бақ сынайды. Жарыстың алғашқы күні пара үстел теннисінен 32/1 финалдағы ойындар болады. Еліміз атынан Марат Суртубаев, Алтынай Ержанқызы, Александра Степанова, Антонина Рогова мен Ардақ Нұрмағамбетов жарыс жолына шығады. Жарысты «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады. Азия Пара ойындары 18–24 қазан аралығында ...

    Read More »

    Спортшылар V Азия Пара ойындарына аттанып барады

    Астанадағы «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде Қазақстанның ұлттық командасын V Азия Пара ойындары – Аичи-Нагоя 2026 жарыстарына шығарып салуға арналған салтанатты рәсім өтті. Бұл дүрмекті дода 18-24 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді. Салтанатты іс-шараға Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Ұлттық паралимпиада комитетінің өкілдері, спорт ардагерлері, жаттықтырушылар, қоғам қайраткерлері мен басқа да құрметті қонақтар қатысты. Іс-шараның ...

    Read More »

    Азия пара ойындарына 150 спортшы аттанады

    18-24 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында тірек-қимыл аппараты, көру қабілеті зақымданған және зияткерлік даму ерекшеліктері бар спортшылар арасында V Азия пара ойындары өтеді. Додаға 45 елден 4 мыңға жуық спортшы қатысып, спорттың 18 түрінен 502 медальды сарапқа салады. Еліміздің ұлттық құрамасы сапындағы 150 ойыншы спорттың 12 түрі бойынша өнер көрсетеді, 1 командалық, 11 жекелей спорт түрінен ел ...

    Read More »

    Жазғы Азия ойындарына қай облыстың спортшылары көп барады?

    2023 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарына 525 спортшы қатысса, биылғы Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында өтетін додада бақ сынау үшін 559 отандасымыз тіркелді, деп хабарлады SportPress.kz 1.Алматы қаласы — 124 спортшы (2023 жылы 108 спортшы барған). Алматы қаласынан ТОП-3 спортқа регби-7 (18 адам), семсерлесу (9 адам), киберспорт пен көгалдағы хоккей (8 адам) кіреді. 2.Астана ...

    Read More »

    Азиада алауы: Қазақстан спортшыларының әлеуеті зор

    19 қыркүйекте Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында ХХ жазғы Азия ойындарының жалауы көтеріледі. Жарыстар Токио қаласы мен Сидзуока, Осака және Гифу префектураларындағы ареналарды қоса алғанда, 50-ден астам спорт нысанында болады. Азиаданың бағдарламасына 43 спорт түрі мен 71 дисциплина енгізілді. Жалпы 469 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Азиаданың бағдарламасына 43 спорт түрі енгізілсе, соның 35-інде отандастарымыз медаль үшін таласады. ...

    Read More »

    Елімізде Спорт күніне орай 250-ден астам спорттық іс-шара өтеді

    Тамыз айының әр үшінші жексенбісінде елімізде Спорт күні аталып өтіледі. Биыл да кәсіби мерекеге орай еліміздің барлық өңірінде бір апта бойы түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлады SportPress.kz. Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, мерекелік апта аясында еліміз бойынша 250-ден астам спорттық іс-шара өткізу жоспарланған. Олардың қатарында бұқаралық спорттық жарыстар, спартакиадалар, турнирлер, чемпионаттар, жүгіру марафондары, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар, спорт ардагерлерімен ...

    Read More »

    Нысана көздеу: Қазақстан Гран-при жарысында екі медаль иеленді

    Нысана көздеуден Чехияның Пльзень қаласында өтіп жатқан Гран-при жарысында Қазақстан спортшылары екі медальді жеңіп алды. 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға көздеуден командалық сында әйелдер арасында Зухра Ирназарова, Александра Садуақасова мен Фатима Ирназарова үштігі күміс жүлдені иеленді. Сондай-ақ дәл осы бағдарламада еліміздің ерлер құрамасы (Даниил Яковенко, Асадбек Назиркульев, Андрей Худяков) қола жүлдене ие болды. Әлемдік додаға 23 елден 550 спортшы қатысып ...

    Read More »

    Спортшылардың Олимпиададағы ас мәзірі белгілі болды

    Олимпиаданы ұйымдастыру комитеті Олимпиялық ауылда спортшылардың ас мәзірі туралы мәлімет берді. Комитет 26 шілде мен 11 тамыз аралығында спортшылар мен шенеуніктерге 500 тағам түрі ұсынылатынын хабарлады. 12 шілдеде Олимпиялық ауылдағы 3 500 орынға арналған асхана тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Мәзірге француз, Азия, Африка-Кариб теңізі мен әлемдік делінген тағамдар беріледі. Күн сайын спортшыларға 40-тан 120-ға дейін танымал әлемдік тағамдар ұсынылады. ...

    Read More »

    Олимпиадаға 26 жолдама бар

    Биыл Францияның астанасы Париж қаласында алауы тұтанатын  XXXIII жазғы Олимпиялық ойындарға Қазақстан құрамасы 26 лицензияны иеленіп отыр. Әзірше ел қоржынында спорттың 9 түрі бойынша жолдама бар. Атап айтанда, бокстан – 7, нысана көздеуден – 5, садақ атудан – 4, тасжолдағы велоспорттан – 3, заманауи бессайыстан – 2, таеквандодан да 2, грек-рим күресі, еркін күрес және спорттық гимнастикадан бір-бір лицензия. Ал ...

    Read More »

    Қазақстан спортшылары XX қысқы Сурдлимпиада ойындарына аттанды (ВИДЕО)

    Бүгін Алматы қаласынан есту қабілеті зақымданған спортшылардың ұлттық құрамасы 2-12 наурыз аралығында Түркияның Эрзурум қаласында өтетін XX қысқы Сурдлимпиада ойындарына аттанды. Оған 36 мемлекеттен 1000-ға жуық спортшы қатысады. Жарыста спорттың тау шаңғысы, сноуборд, шаңғы жарысы, шахмат, футзал мен керлинг түрінен 34 комплект медаль сарапқа салынады. Қазақстан тарапынан осы қысқы ойындарға шахмат, сноуборд және шаңғы жарысынан  26 спортшы қатысады. Салтанатты рәсімде ...

    Read More »