Биыл Францияның астанасы Париж қаласында алауы тұтанатын XXXIII жазғы Олимпиялық ойындарға Қазақстан құрамасы 26 лицензияны иеленіп отыр. Әзірше ел қоржынында спорттың 9 түрі бойынша жолдама бар.
Атап айтанда, бокстан – 7, нысана көздеуден – 5, садақ атудан – 4, тасжолдағы велоспорттан – 3, заманауи бессайыстан – 2, таеквандодан да 2, грек-рим күресі, еркін күрес және спорттық гимнастикадан бір-бір лицензия.
Ал Паралимпиялық ойындарда өнер көрсететін пара спортшылар 11 жолдаманы алып отыр, деп хабарлады qazaqstan.tv.
Олардың ішінде жекелей сындар бойынша пара пауэрлифтинг, пара каноэ, пара жеңіл атлетика, пара нысана көздеуден бір-біреуден, ал пара таеквондо мен пара жүзуден үш-үштен лицензия бар.
Паралимпиадада ұлттық құрама команда отырып ойнайтын волейболдан да жарысқа қатысады.