• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Туризм және спорт министрлігі

    Елімізде 15 мың жаттықтырушы-оқытушы жұмыс істеп жатыр

    Туризм және спорт министрлігі елімізде жұмыс істеп жатқан дене шынықтыру қызметкері мен жаттықтырушы-оқытушылардың санын жариялады. Ведомствоның хабарлауынша, дене шынықтыру және спорт сабақтарын 67 755 штаттық қызметкер өткізеді. Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда 1 433 адамға көп. Ауылдық жерлерде 31 329 дене шынықтыру қызметкері жұмыс істейді. Былтыр 29 796 адам тіркелген. Бұған дейінгі есепті кезеңдегі деректерге сәйкес, кей өңірлерде штаттық қызметкерлердің көбейгені байқалады. Дене ...

    Read More »

    Министр Бокс федерациясының басшысына тапсырма берді

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліппен кездесіп, Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік лицензиялық турнирдің қорытындысы мен алдағы уақытта болатын жарыстарды, өңірлерде боксты дамытудың жаңа бағыттарын талқылады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Өздеріңіз білесіздер, Италиядағы турнирде бокстан ерлер құрамасы тәуір нәтиже көрсетіп, бес салмақ дәрежесі бойынша Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Тек бір ғана салмақта ...

    Read More »

    Елімізде алғаш рет Ұлттық спорт күні жалау көтерді (ФОТО)

    Бүгін Астанадағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінде Наурыз мейрамы аясында Ұлттық спорт күніне арналған «НАУРЫЗНАМА: Ұлттық спорт күні» атты мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Оған Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, ұлттық спорт ардагерлері, ұлттық спорт федерацияларының президенттері, спортшылар, дипломатиялық миссиялардың басшылары мен өкілдері, сондай-ақ ...

    Read More »

    «Болашақ ойындары»: Қазақстан бірнеше сайыста жеңімпаз атанды

    Татарстанның Қазан қаласында 21 ақпанда басталған «Болашақ ойындары» жарысы аяқталды. Оған 12-62 жас аралығындағы 2 мыңнан астам адам қатысып, цифрлық және классикалық спортты біріктіретін 21 инновациялық фиджитал дисциплиналары бойынша сынға түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Жалпы, алғаш рет ұйымдастырылған сайысқа жер-жүзінен келген елдердің 294 командасы қатысты. Турнирдің жүлде қоры 10 млн доллары болды. Жарыстарға геймдев, эспорт, робототехника (дрон ...

    Read More »

    Астанаға Париж Олимпиадасының бойтұмары келді

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дидье Канесспен кездесті, деп хабарлады ведомство. Кездесу Париждегі жазғы Олимпиада және Паралимпиадаға дайындық жөніндегі штабта болды. Онда екі елдің өкілдері алдағы Олимпиялық ойындарды ұйымдастыру мен өткізуді талқылады. Франция елшісі министрге  Олимпиаданың ресми бойтұмарын табыс етіп, Астанада Париждегі ойындарға арналған мурал салу туралы жоспарын айтты. Франция 2022 жылдан бері ...

    Read More »

    Олимпиада киімінің дизайны бекітіледі – жедел штаб

    Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Олимпиялық ойындарға дайындық штабы өз жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Бүгін жедел штабта Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы Ұлттық Олимпиада комитеті өкілдерімен кездесті. Жиында бірқатар мәселе талқыланды. Бүгінде Қазақстан құрамасының қоржынында спорттың 8 түрі бойынша 19 жолдама бар (садақ ату — 4, тас жолдағы велоспорт — 3, нысана көздеу ...

    Read More »

    «Жоқ нәрсені бар деу қателік»: Тамара Дүйсенова облыстағы спортты сынады

    Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Туризм және спорт министрлігінде өткен дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу салаларындағы 2023 жылғы қызметі мен 2024 жылға қойылған негізгі міндеттері туралы кеңейтілген алқа мәжілісінде спорт саласын одан әрі дамытуға қатысты бірнеше тапсырма берді. Үкімет басшысының ооынбасары дене шынықтыру мен спортты одан әрі дамытуда халықаралық спорт ұйымдарының тез өзгеретін талаптарын ескере отырып, ...

    Read More »

    Олиимпиадаға 90 лицензияны алуға күш саламыз – Елсияр Қанағатов

    Туризм және спорт министрлігінде дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттеу салаларындағы 2023 жылғы қызметі мен 2024 жылға қойылған негізгі міндеттері туралы кеңейтілген алқа мәжілісі болып жатыр. Оған премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова қатысуда, деп хабарлады ведомство. Жиынды ведомство басшысы Ермек Маржықпаев ашып, министрліктің былтыр атқарған жұмысы мен алдағы жоспары туралы айтып берді. Ол ел абыройын асқақтатар елеулі ...

    Read More »

    Бокс федерациясының жаңа басшысы министрмен кездесті (ВИДЕО)

    Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевпен кездесті. Кездесуде бокс ұйымының басшысы министрге федерацияның жоба-жоспары мен елімізде спорттың осы түрін дамытуда өз ойын айтып берді.  Министр федерация басшысына жаңа қызметіне сәттілік тілеп, спортшылардың Олимпиялық ойындар мен басқа да жарыстарға жақсы дайындалуын тапсырды. Бокс – елімізде кең тараған, жанкүйері ең көп спорт түрлерінің бірі. Сондықтан Шахмұрат ...

    Read More »

    V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының волонтерлік бағдарламасы таныстырылды

    Астананың бірқатар университеттерінде студенттерге V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының волонтерлік бағдарламасы таныстырылды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Жиындарда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшылығы волонтерлердің осы ойындарға үлес қосуға мүмкіндігі бар екенін, еріктілер қызметінің тәжірибе жинаудағы жұмысының маңыздылығын айтты.  Сонымен қатар волонтерлерге қойылатын талап, ереже, іріктеу кезеңдері туралы мәлімет жан-жақты түсіндірілді. Жастардың еріктілер жасағы – спорттық және ...

    Read More »