Бүгін Астана қаласында бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалында Қазақстан ерлер құрамасының мүшесі, Маңғыстау облысында туылған Бейбарыс Нұрмұхан (66 кг) мен Бақытжан Айтмұханов (80 кг) рингке шықты. Шаршы алаңға бірінші шыққан Бейбарыс Жексен (66 кг) қырғызстандық Рамазан Исаевты бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Ал Бақытжан Айтмұханов (80 кг) тайпейлік Панг Гуан-Хаоны бірінші раундта мерзімнен бұрын жеңіп, Маңғыстаудың екі бірдей ...
Read More »Tag Archives: финал
XIX Азия ойындары: Қазақстан қазіргі бессайыстан финалға шықты
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX Азия ойындарында Павел Ильяшенко мен Кирилл Стадник қазіргі бессайыс жарысының финалына шықты. Іріктеу кезеңінде спортшылар семсерлесу, 10 метрден нысана көздеу, 200 метрге жүзу және 3 шақырымға жүгіруден сынға түсті. Финалда осы жарыстарға тағы конкур қосылады. Бүгін түстен кейін жартылай финалда Темірлан Абдраимов пен Георгий Борода-Дудочкин финалға шығу үшін бақ сынайды. Әйелдердің сайысында жарысқа қатысушылардың ...
Read More »Қазақстан теннисшісі бесінші финалда ғана турнир жеңімпазы атанды
Қазақтан теннисшісі Александр Недовесов алғаш рет ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол бұған дейін осы доданың финалына төрт рет шығып, соның бәрінде жеңілген болатын. Енді міне, Недовесов Швецияның Бастад қаласында жалауы желбіреген жарыстың финалына қатысып, эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге финалда португалиялық Франсишку Кабраль – бразилиялық Рафаэль Матосты ұтты. Недовесов пен Эскобар екі сетте де 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ...
Read More »Су спорты: Эдуард Ким әлем чемпионатының финалына шықты
Жапонияның Фукуока қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында артистік жүзудің еркін бағдарламасында өнер көрсеткен Эдуард Ким финалға шықты. 18 шілдеде өткен іріктеу сынында Эдуард 173.0499 ұпаймен екінші орын алып, финалға жолдама алды. Бірінші орында АҚШ спортшысы Кеннет Годе. Үздік үштікті түйіндеген ұлыбританиялық Рандзю Томблин. Финалдық сайыс бүгін, 19 шілдеде болады. Бұл жарыс Астана уақытымен Qazsport арнасынан 17.05-те басталады. ...
Read More »Қазақстан теннисшісі Ұлыбританиядағы турнирдің финалына шықты
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Ұлыбританиядағы челленджер турнирінің финалына шықты. Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар әуелі аастралиялықтар Эндрю Харрис пен Люк Сэвилді 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Олан кейін қазақстандық-эквадорлық дуэт ширек финалда германиялық Константин Францен мен Хендрик Йебенснен 6:4, 3:6, 10:4 айласын асырды. Александр мен Гонсало жартылай финалда бельгиялықтар Зизу Бергс пен ...
Read More »Бокстан әлем чемпионаты: Нұрбек Оралбай финалға жолдама алды (ВИДЕО)
Өзбекстанның астанасы — Ташкентте бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Нұрбек Оралбай финалға шықты. Нұрбек Оралбай 80 келіге дейінгі салмақта Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, ресейлік Имам Хатаевпен бокстасты. Екі раундта басымдық түгелдей Нұрбекте болды. Қорытынды есеп — 4:1. Енді ол 80 келіге дейінгі салмақта Қытай атынан жарысқа қатысып жатқан қандасымыз Тоқтарбек Таңатханмен алтын жүлдені сарапқа салады. Дастан КЕНЖАЛИН, ...
Read More »Азия чемпионатының соңғы күні 4 қазақ балуаны финалға шықты
Бүгін Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен ұлттық құраманың төрт балуаны финалға шықты. Атап айтқанда, Дархан Есенғали (74 кг), Азамат Дәулетбеков (86 кг), Ризабек Айтмұхан (92 кг) мен Жүсіп Батырмұрзаев (125 кг) қарсыластарын жеңіп, финалға жолдама алды. Ал Нұрболат Әбдуалиев (61 кг) жұбаныш белдесуіне қатысады. Ол жеңіп жатқан жағдайда қола жүлде үшін күреседі. Кеше еркін күрестен ұлттық ...
Read More »Бүгін бокстан әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер болады
Бүгін Үндістан астанасында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер болады. Чемпионат 16 наурыз күні басталды. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Финалға Үндістан мен Қытайдан – төртеуден, Австралия, Моңғолия, Италия, Ресей және Қазақстан құрамалары сапынан екі-екі боксшыдан шықты. Вьетнам, Тайпей, Колумбия, Алжир, Марокко елдерінен бір-бір боксшыдан бар. Чемпионат финалында мына боксшылар ең үздіктерді анықтайды: 48 кг. Ниту Ниту (Үндістан) – Алтанцецег Луцайхан ...
Read More »Странджа кубогы: финалға шыққан жалғыз қазақ боксшысы жеңіліп қалды (ВИДЕО)
Болгарияның астанасы – София қаласында бокстан өткен халықаралық Странджа кубогында Оразбек Асылқұлов күміс жүлдегер атанды. Кіші әлем чемпионаты деп те аталатын жарыста Асылқұлов 57 келіге дейінгі салмақта түбі кубалық, Болгария өкілі Хавьер Ибаньеспен жұдырықтасты. Жекпе-жекте отандасымыз қарсыласынан 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, Қазақстан құрамасы Странджа кубогын 1 күміс, 1 қола медальмен қорытындылады. Бұған дейін Нұрқанат Райыс 75 келіге дейінгі салмақта ...
Read More »Жанбота Алдабергенова әлем чемпионатының финалына шықты
Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі Жанбота Алдабергенова Бакурианиде (Грузия) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты. Квалификация қорытындысы бойынша спортшы 84,10 ұпай жинап, сегізінші орынға тұрақтады. Аяна Жолдас 18-ші нәтиже көрсетті. Бұл оның шешуші раундқа өтуіне мүмкіндік бермеді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »