• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан дзюдо федерациясы

    Qazaqstan Barysy Grand Slam: Ғалия Тыңбаева алғаш рет финалға шықты

    Дзюдодан Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің бірінші күнінде Ғалия Тыңбаева (-48кг) финалға шықты. Ол жартылай финалда әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы, Grand Slam жарыстарының жеңімпазы франциялық Ширин Боуклиді жеңді, деп хабарлады Қазақстан дзюдо федерациясы.

    Ғалия Тыңбаева жарыс үздігі ретінде әлемдік доданы екінші айналымнан бастады. Ол өз тобында Тунис, Қытайдың Тайпей мен Түркия елдерінің спортшыларынан айласын асырды.

    Финалда Ғалия Тыңбаева Grand Slam және Grand Prix чемпионы Сабина Гилиазовамен (AIN) кездеседі.

    Сондай-ақ, ерлер арасында 60 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын құрама көшбасшысы Елдос Сметов қола жүлде үшін белдеседі.

    Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан жарыстың финалдық белдесулері сағат 17:00-де болады.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *