• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    kazsports.kz

    Олимпиада жолдамасы үшін Қайпанов пен Шалыгина үшінші рет таласады

    9-12 мамыр аралығында Түркияның Ыстанбұл қаласында күрестен әлемдік лицензиялық турнирдің соңғы жолдамасы үлестіріледі.

    Күрестің үш түрінен 54 лицензия бәске тігіледі. Әр салмақта 1, 2 және 3-орын алған спортшылар Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болып, ХХХІІІ жазғы Олимпиялық ойындарға қатысады.

    Ыстанбұл боз кілемінде Қазақстаннан 11 балуан лицензияға таласады. Олар мыналар:

    9-10 мамыр

    Грек-рим күресі:

    67 кг: Дінмұхаммед Қошқар;

    97 кг: Юсуф Мациев.

     

    10-11 мамыр

    Әйелдер күресі:

    50 кг: Лаура Ғаниқызы;

    53 кг: Марина Седнева;

    57 кг: Лаура Алмағанбетова;

    62 кг: Ирина Кузнецова;

    68 кг: Елена Шалыгина;

    76 кг: Эльмира Сыздықова.

     

    11-12 мамыр

    Еркін күрес:

    57 кг: Рахат Қалжан;

    65 кг: Адлан Асқаров;

    74 кг: Нұрғожа Қайпанов.

    Айта кетейік, күрестен Қазақстан командасында Олимпиаданың 7 жолдамасы бар. Осы жолдамаға ерлер арасында еркін күрестен Нұрғожа Қайпанов пен әйелдер арасында Елена Шалыгина үшінші рет бозкілемге шығып, таласып көреді. Сонда Күрес түрлері федерациясында олардан басқа резерв жоқ па деген ой туындайды.

     

    Айбек МҰХАНОВ,

    АҚТАУ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *