• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы

    Ұлттық құраманың төрт гимнасшысы финалға шықты

    Спорттық гимнастикадан Болгарияның Варна қаласында өтіп жатқан Challenge Cup турнирінде ұлттық құраманың төрт гимнасшысы финалға шықты, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы.

    Еркін жаттығуда Дмитрий Патанин 14.600 ұпай алып,  іріктеуде екінші орын алса, 13.750 ұпай жинаған Асан Салимов алтыншы орыннан көрінді.

    Ат снарядында Нариман Курбанов 15.650 ұпай жинады. Ол бірінші орынға шықты.

    Зейнолла Идрисов 14.850 ұпаймен екінші орынға орналасты.

    Қос сырық жаттығуында Дмитрий Патанин 13.600 ұпаймен сегізінші орынды қанағат тұтты.

    Бұл жарысқа барлығы 25 елден 76 гимнаст жиналды.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *