• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    sportqazaq

    Бақтиер Зайнутдинов Түркия кубогын жеңіп алды (ВИДЕО)

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрама командасы мен Ыстанбұл қаласының «Бешикташ» клубының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов Түркиядағы алғашқы жетістігіне жетті.

    «Бештикташ» Түркия кубогының финалында Трабзон қаласының «Трабзонспор» клубын  3:2 есебімен жеңіп, ел кубогының иегері атанды. Сөйтіп, Ыстанбұлдың командасы осы жеңістің арқасында Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

    Бұл матчта Бақтиер Зайнутдинов жарақатына байланысты ойнаған жоқ. Ол қосалқы құрамда қалып, алаңға шықпады.

    Ойында бірінші болып есепті қонақтар ашты. 13-минутта Пол Онуачу «Трабзонспорды» алға шығарды. Одан кейін бірінші таймға қосылған уақытта Рашид Геззал пенальтиден есепті теңестірді.

    Екінші таймда «Трабзонспордың» ойыншысы Джексон Мулека 54-минутта алаң иелерінің қақпасына гол салып, таблодағы есепті өзгертті. Ал ойынның негізгі уақыт аяқталуға бір минут қалғанда Николас Пепе есепті теңестіріп, командасын жеңілістен аман алып қалды.

    Матчта жеңіс голын командасына ойынның негізгі уақытына қосылған 4-минутта Әли әл-Моатасембелла сыйлады.

    Ол айыпдоп алаңының сыртынан допты қақпаның сол жақ бұрышына теуіп, нысананы дәл көздеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by Bakhtiyor Zainutdinov (@bateka_11)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *