• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан

    «Үлкен дулыға» турнирі: Қазақстан дзюдошылары төбе көрсетті

    Әзербайжанның Баку қаласында дзюдодан өтіп жатқан «Үлкен дулыға» халықаралық тунирінде Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы жарысты бастап кетті. Әуелі 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ғұсман Қырғызбаев татамиге шығып, Моңғолия спортшысы Баянмунх Нармандахттан басым түсті. Одан кейін грузиялық дзюдошы Георгий Туташвилимен кездесіп, оны да ұтты. Ал үшінші белдесуде Ғұсманның жолы болмады. Ол молдовалық Денис Виерумен күш сынасып, ұтылып қалды. Енді  ширек ...

    Read More »

    Әлем кубогы: жеті боксшы жеңіп, жетеуі жеңілді

    Германияның Кельн қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан Әлем кубогы үшін халықаралық турнирдің екінші күні Қазақстан құрама командасының жеті боксшысы келесі айналымға шығып, жетеуі қарсыластарына есе жіберді. Ерлер арасында жартылай финалға Кенже Мұратұлы (51 кг), Абзал Құттыбеков (92 кг), Нұржан Амангелді (71 кг) мен Нұрлан Сапарбай (+92 кг) шықты. Ал Қайрат Ернұр (51 кг), Сұлтан Мусинов (63,5 кг), Армат Арманұлы ...

    Read More »

    Бахтиер Зайнутдинов 6 млн еуроға «Аталантаға» ауысуы мүмкін

    Италияның «Атланта» клубы Қазақстанның ұлттық құрама командасы мен Мәскеудің ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновке қызығушылық танытып отыр. Бергамо қаласының командасының скауты отандасымызды сырттай бақылап жүрген көрінеді. Бұл туралы итальян журналисі Николо Скира хабарлады. Сонымен бірге, ЦСКА Зайнутдинов үшін бес-алты млн еуро сұрап отырғаны да белгілі болды. 24 жастағы Зайнутдинов Мәскеу командасында 2020 жылдан бері ойнап келеді. РПЛ-дің биылғы маусымында ...

    Read More »

    Гимнастика: Қазақстан Азия чемпионатында 11 жүлде алды

    Малайзияның астанасы Куала-Лумпур қаласында эстетикалық гимнастикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл додада Қазақстан құрамасы 11 медаль жеңіп алды Марапаттау рәсімінде еліміздің әнұраны бес рет шырқалды. Әр санаттағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер арасында елімізден екі командадан болды. Чемпионатта 6 медаль жиынтығы сарапқа салынды. 16 жастан асқан қыздар арасында «Кармелита» (Шымкент) командасы чемпион атанды. Оның құрамында Елизавета Шарая, Сәбина Елубаева, Аида Жақсыбек, ...

    Read More »

    Бокс: Азия чемпионатының жеребесі тартылды

    Иорданияның астанасы Амман қаласында бокстан XXXII Азия чемпионатының жеребесі тартылды. Бүгіннен бастап 13 қарашаға дейін Иорданияның төрінде 25 салмақтың биылғы үздігі анықталады. Бұл жолы сары құрылықтағы 27 елден 181 ер адам пен 86 əйел боксшы сынға түседі. Қайрат Сəтжановтың 7 шəкірті жарысты өз салмағындағы №1 боксшы ретінде бастайды. Ал əйелдер арасында чемпионат басталмай жатып-ақ ел қоржынына 3 жүлде түсті. Мәдина ...

    Read More »

    Бокс: Қазақстан Азия чемпионаты басталмай жатып үш жүлде алды

    Бокстан Қазақстан құрамасы Иорданияның астанасы Амман қаласында өтетін Азия чемпионаты басталмай жатып үш жүлде алды. Биылғы Азия чемпионатын Қазақстанның әйелдер құрама командасының сапындағы Мәдина Нұршаева (66 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) мен Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) финалдан бастайды. Сондықтан олар қазірдің өзінде қола жүлдені иеленіп отыр. Олардан басқа, Азия чемпионатында ел намысын Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай (50 кг), ...

    Read More »

    «Turan Barysy» Азия кубогын Қазақстан құрамасы жеңіп алды

    Түркістанда «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен өткен «Turan Barysy» Азия кубогы үшін турнир өтті. Жарыста Қазақстан балуандары жеңімпазы атанды. Турнирге Түркі мемлекеттері ұйымының алты елі – Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан мен Қазақстанның балуандары қатысты. Финалға Қазақстан мен Өзбекстан командасы шықты. Қазақ  балуандары Өзбекстанның өкілдерін 4:3 есебімен ұтып, турнирдің бас жүлдесін жеңіп алды. Күміс жүлдені Өзбекстан, ...

    Read More »

    Қазақстан Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

    Еліміздің шорт-тректен ерлер құрама командасы Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының алғашқы кезеңінде эстафетада екінші орын алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің спортты дамыту дирекциясы хабарлады. «А» тобының финалында Қазақстанмен бірге Италия, Оңтүстік Корея мен Канаданың спортшылары күш сынасты. Бұл квартетте мәре сызығын Оңтүстік Корея бірінші болып қиды (7:01.850). Ал отандастарымыз 7:07.972 нәтиже көрсетіп, күміс жүлдеге ие болды. Қола ...

    Read More »

    Қазақстан армрестлингтен 68 алтын медаль жеңіп алды

    Түркияның Анталья қаласында армрестлингтен өткен әлем чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрама командасы 68 алтын медаль алды. Сонымен бірге отандастарымыз 66 күміс пен 36 қола жүлдені иеленді. Армрестлингтен ересектер, кадеттер, жасөспірімдер, жастар мен ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 1-орын алды. Айта кетсек, бұл сынға 54 мемлекеттен 1 700 спортшы қатысқан болатын. Онда еліміздің намысын 200 спортшы қорғады. ...

    Read More »

    Жетісуда жалынды жастардың жарысы жалау көтерді

    Бір апта бойы Алматы облысы, Іле ауданы  Өтеген батыр кентіндегі зәулім спорт сарайында  қолдобынан  2008 жылы туған қыздар арасында Қазақстан чемпионаты болып өтті. Бұл  жарысқа еліміздің барлық аймағынан 11 команда қатысып, бақтарын сынаған еді.  Финалдық сында Қызылорда мен Алматы облысының командалары кездесті. Тартысты өткен ойында екі жақ шеберліктерін аянып қалмады.  Дегенмен ұжымдық ойынды әдемі үйлестіре білген Сыр өңірінің қыздары жеңісті ...

    Read More »