• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан

    Қош, бапкер!

    (Қазбек Ибрашев сол жақтан санағанда бірінші тұр) Еліміздің батыс өңірінен суыт хабар келді. Əскери самбо күресінен аға жаттықтырушы, білікті бапкер Қазбек Нығметұлы Ибрашев мәңгілік сапарға кетті. Қазбек Нығметұлы 1972 жылы Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданы Тайпақ ауылында туған. Ол 27 жыл бойы  жаттықтырушы болып, талай палуандарды дүрмекті додаларға дайындады. Оның қол астында жаттыққан спортшылар Азия және әлем чемпиондары болды. Ал жақында ...

    Read More »

    ITTF қараша айының рейтингін жариялады

    Қазақстандық үстел теннисшісі Кирилл Герасименко ITTF рейтінгісінде тоқсан жетінші орынға көтерілді. Ол отандастарымыздың  арасынан  тұңғыш рет үздік жүздікке кірген спортшы ретінде тарихта қалмақ. Бақытбек ХАМИТ. Ұлттық Олимпиадалық комитет.

    Read More »

    Дзюдо: қазақ палуандары жүлде алып жатыр

    Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталды. Оған  83 елден 500-ден астам палуан қатысып жатыр. Бүгін, дүбірлі доданың алғашқы күні қазақстандық спортшылар да татамиге шықты. Солардың арасында 44 кило салмақта Әбиба Әбужақынова деген қызымыз күресіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Тағы бір Еуропаға ел үмітін арқалап барған палуанымыз Бауыржан Нарбаев 55 кг салмақта қола медальді жеңіп алды. Бұл ...

    Read More »

    Дзюдодан дүрмекті дода басталады

    Енді міне, санаулы күндерден кейін Хорватияда жастар арасында дзюдодан әлем чемпионаты басталады. Бұл дода 18-22 қазан күндері өтеді. Ел құрамасы күні бүгін Хорватияға аман-есен жетіп, салмақ өлшеп дүбірлі додаға дайындалып жатыр. Сербияда самбодан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен әлем чемпионатындағы спортшыларымыздың  жеңісті жолын дзюдошыларымыз жалғастырып, бұл сыннан да толағай табыспен оралады деген үмітіміз бар. Сіздердің назарларыңызға Хорватия татамиінде Алаштың намысын ...

    Read More »

    Қазақстан үздік үштіктен көрінді

    Кеше кешкісін Сербияның Нови Сад қаласында самбо күресінен жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Соңғы күні 52 кг салмақта күрескен Жадыра Әміртаева ел қоржынына үшінші алтын жүлде салды. Бұдан басқа  Ақбота Арынғазина (64 кг) екінші орынды иеленсе, Ернұр Сүлеймен (56 келі), Қайыркелді Айдынбай (57 кг) мен Қайсар Шамшиддинов (100 кг) қола медальді қанағат тұтты. Сонымен Қазақстан құрамасы ...

    Read More »

    Қазақстан самбошылары жүлдені санап жатыр

    Самбодан Сербияда өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының алғашқы күні Қазақстан самбошылары жеті жүлдені жеңіп алды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, жастар арасында Рамазан Мамаев (62 кг) әлем чемпионы атанса, Жадыра Пайыз (44 кг), Маржан Бизақ (56 кг) пен Ерасыл Бақыт (48 кг) күміс медальді, Дәурен Болатбекұлы (82 кг) қола жүлдені жеңіп алды.Ал олардың ізбасарлары Асқар Усбосынов (48 кг) пен ...

    Read More »

    Карпат тауы Алатаудан биік көрінді

    Румынияның Плоешти қаласында Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында осы елдің  командасымен кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Қазақстан құрамасында жалғыз допты матчтың соңында Бауыржан Тұрысбек соғып, есепті қысқартты. Енді еліміздің ұлттық құрамасы келесі ойынын 8 қазан күні Армения командасымен өткізеді. Аршат ОРАЗ, Плоешти (Румыния)    

    Read More »