• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рыбакина Майами мастерс турнирінің ширек финалына шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Майами WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты.

    Рыбакина төртінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 39-орында тұрған бельгиялық Элиза Мертенспен кездесіп, 1 сағат 46 минутқа созылған ойында 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Бұл – теннисшінің қатарынан он бірінші жеңісі. Енді Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 24-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен кездеседі.

    Мастерс турнирінің жүлде қоры — 8,8 млн АҚШ доллары.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *