• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан

    Ләңгі тебу – футболға таптырмас жаттығу

    Ауылда ұлттық спорт түрлерінің көбін ойнап өскен бала ретінде олардың орасан зор пайдасы бар екенін, әсіресе футбол деген сиқырлы спортқа келгелі түсіндім. Сөзімді мына бір болған оқиғамен нақтылағым келіп тұр… Португалия. 2018 жылғы маусым айы. «Брагалона» – «Арландар» матчы. Азулы қарсылас. 1/8 финал. Шешуші ойын. «Брагалона» клубы – Брага қаласының балалар футбол командасы. Бұл матч солардың стадионында өтіп жатқан. Яғни, ...

    Read More »

    Қазақстан құрамасы армрестлингтен 134 медаль жеңіп алды

    Румынияның Констанца қаласында армрестлингтен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК баспасөз қызметі хабарлады. Қорытынды кезең ересектер, ардагерлер, есту қабілеті зақымданған адамдар мен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өтті. Жарыстың алғашқы күні жастар мен жасөспірімдер арасында ел құрамасы 32 алтын, 22 күміс, 19 қола жүлде иеленді. Бұл сында жалпы командалық  есепте ...

    Read More »

    Ақтөбеден шыққан Олимпиада чемпионын неге ұмытып жүрміз?

    Көзі қарақты жанкүйер, оның ішінде үлкендер болмаса, қазіргі жастар жағы аты аңызға айналған спортшы Валерий Люкиннің Ақтөбе қаласында туып-өскенін біле бермейді. Бүгін сол олқылықтың орынын толтыру мақсатында Ақтөбеден шығып, азулы АҚШ секілді алпауыт елді мойындатқан Валерий Викторұлы туралы жастар біліп жүрсін деген ниетпен оқырманға шағын ақпарат бере кеткенді жөн көріп отырмыз. Валерий  Люкин – спорттық гимнастикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы ...

    Read More »

    Алатаудың ар жағынан алтын жүлделер әкеле жатыр

    Қырғызстанның Ош облысында джиу-джитсуден (не-ваза) өткен «Alay open»  халықаралық турнирінде қазақ спортшылары 15 алтын, 5 күміс және 5 қола медальді иеленді. Оған «Sagadat batyr QTT»  спорт клубынан 7 мен 17 жас аралығындағы 23, ал ересектерден 4 спортшы қатысты. Турнирде жасына қарамай, Жібек Құлымбетованың жеңімпаз атанғанын айта кеткен жөн. Жарыста ол қырғыз, өзбек, тәжік спортшыларын тізе бүктіріп, тағы да алтын жүлдені ...

    Read More »

    Атақты қорғап қала алмадық

    Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Көптен күткен Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің қарымта кездесуі өтті. Елден аттанғанда сіздерден сүйінші сұраймын деген едім. Өкінішке қарай, жеңілістің кермек дәмін татып, жүрегім езіліп тұр. Әрине, бұл – спорт. Тағдырың жұдырықпен шешілетін үлкен дода. Кәсіпқой бокстың қызығы да, қиындығы да осы. Әйтсе де еліміздің талантты ұлының бірі Геннадийді жазғырудың еш қажеті жоқ. Нағыз батырға лайық өнер ...

    Read More »

    Лас-Вегаста Головкин мен Альварес жанкүйерлермен жүздесті

    Армысыздар, спорт жанкүйерлері! Боксты жақсы көретін қыз-жігіттеріміз, Головкин мен Альварестің жекпе-жегі қашан өтеді, қашан бітеді деп тағатсыздана күтіп жүргендеріңізді білемін. Әрине, жүректеріңіз лүпілдеп, біздің жігіт не болар екен деп, жандарыңызды шүберекке түйіп жүргендеріңізді сонау мұхиттың аржағында жүрген мен жақсы сезіп тұрмын. Бұл елге, жерге, туған жердің азаматына деген құрметтеріңіздің белгісі. Сәл шыдасақ, қос мықтының арасындағы алапат айқасты да көріп қаламыз. ...

    Read More »

     «Қанға — қан, жанға – жан!»

    Головкин мен Альварестің қарымта шайқасы күллі әлем жанкүйерінің көзінің жауын алып отыр. Ойпырмай, не болар екен?: Ассалаумағалейкум, sportpress.kz спорт сайтының оқырмандары! Біз тағы да үзеңгіге аяқ салып отырмыз, тағы да аттанып бара жатырмыз. Басты мақсатымыз сонау Американың Невада штатында оның Лас-Вегас қаласында өтетін Головкин мен Альварестің шайқасын көру. Және де көріп қана қоймай, сол жақтан елге хабар таратпақпыз. Бұл жолғы ...

    Read More »

    Алматыда «Пинг-понг ханшайымы» турнирінің жеңімпаздары анықталды

    27-28 тамыз күндері Алматыда Қазақстанның үстел теннисі федерациясы мен  ҚХР-дың бас консулдығының қолдауымен BAURZHAN Foundation» жеке қорының ұйымдастыруымен балалар үйінің тәрбиеленуші қыздары арасында үстел теннисінен турнир өтті. 13 пен 16 жас арасындағы қыздар жарысында  Рудный қаласынан келген  Ольга Ким, ал 9 бен 12 жас аралығындағы сында Қарағанды облысы «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушісі Тузова Евгения жеңімпаз атанды. Енді олардың Шанхай қаласындағы ...

    Read More »

    Қарт құрлықты қызықтырған қазақ күресі

    Қазақ күресінен Сербияның Зренянин қаласында өткен IV Еуропа чемпионатында кәрі құрлықтың 17 елінен келген палуандар үш күн бойы жеңіс  үшін жан аямай тартысқа түсті. Әсіресе, Болгария, Словения және Сербия мемлекеттерінің спортшылары таңғалдырды. Олар үш күн, үш түн жиылмай керіліп жатқан кілемнің шаңын қағып, қазақ күресінің қыры мен сырын жақсы үйреніп алғандарын көрсетті. Аламан жарыстың басталар күні төрешілермен семинар-кеңес болып өтті. ...

    Read More »

    Азия чемпионатына үш күн қалды

    Азия чемпионатының жүлдесін сарапқа салатын шетелдік аударыспақшылар қатарында кімдер бар? Теңге ілушілер сайысына кімдер қатысады? Дүбірлі дода басталар уақыт таяу қалған сайын жанкүйер көкейін осындай сауалдардың мазалайтыны анық. Әрине, бірер күн бұрын барлық спортшылардың тізімі жарияланды. Қазақ елінің намысын қорғайтын аударыспақшылар мен теңге ілу шеберлері жан-жақты таныстырылды. Біз бүгін қолымызда бар деректер бойынша шетелдік спортшылардың бірқатарын оқырман назарына ұсынуды жөн ...

    Read More »