• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Неге осындай тарихи жеңісте Qazsport қазақ тілінде сұхбат алмайды?

    -3Иә, қазақ футболды қалай ойнайтынын бүгін атойлап тұрып көрсетті. Еуропаның алпауыттарының бірі Дания қақпасына үш бірдей гол салып жеңісті жұлып алып кету, тек қазақ жігіттерінің қолынан келетіндігін қаракөз саңлақтарымыз жарқын көрсете білді.

    Бақтияр, Асхат, Абат секілді қазақ жігіттерінің голдары елдің естерінен көпке дейін кетпейтін шығар. Тек бір өкінетін жәйды тағы айтпаса болмас. Qazsport арнасы жеңістен кейінгі сұхбаттардың бәрін неге орысша алғандарына қатты налыдым. Қазақ спорты деген дардай аты бар жалғыз қазақ спорты арнасы емес пе?! Қазақ тілінде сұхбат алса беделі түсіп, бір жері кеміп қала ма екен?! Мысалы, Асхаттан, Абаттан, Абзалдан неге сұхбатты алмасқа?!

    Жалпы, ұлттық құрамада алаңға шығып, ел намысын қорғаған қаракөздеріміздің барлығы дерлік ана тілімізде сұраса барынша айтып берер еді ғой. Сірә телеарна басшылыңына бәрібір болған соң осылай жанымыз ауырып, намысымыз тапталып қала береміз. Сол жанымызға батады. Қайран ана тіліме құрмет қашан арта түседі екен? Қашан ана тілімнің беделі өсіп, барлық салада үстемдігін жасайды екен? Міне, сол мен үшін, Желтоқсан ардагері үшін өте маңызды. Әлем орыс халқынан шошып, теріс айналғанда біз әлі сол орысқа қарап бал ашып, орыстың тілінсіз өмір жоқтай байлаулы иттей шынжырдан шыға алмай келеміз. Неге? Иә, неге? Қорқамыз ба жоқ әлде күшік кезде таланғандықтан қалған үрей ме? Міне, осы сұраққа жауапты ісімізбен көрсетіп, арамыздығы шала орыстардың намысы оянып, туған тілге құрметі күшейіп тәубесіне келгенде ғана мүмкін заман басқаша болар.

     

    Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ,

    АЛМАТЫ

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *