• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Өзбекстан құрамасы алғаш рет Оңтүстік Американың командасын ұтты

    Футболдан Өзбекстанның ұлттық құрамасы Сауд Арабиясында өткізіп жатқан оқу-жаттығу жиыны кезінде Боливия командасымен жолдастық кездесу өткізіп, қарсыластарын 1:0 есебімен ұтты. Бұл туралы uza.uz хабарлады.

    Матчта команда капитаны Элдор Шамуродов 36-минутта жалғыз голдың авторы атанды. Ол ұлттық құрама сапындағы голдар санын 34-ке жеткізіп, Максим Шацкихтің рекордын қайталады.

    Енді Сречко Катанецтің шәкірттері 28 наурызда Оңтүстік Американың тағы бір өкілі – Венесуэлаға қарсы кездесу өткізеді.

    Матчта Өзбекстан футболшылары допқа 36 пайыз, ал Боливия 56 пайыз иелік етті.  Өзбектер қақпаға қарай 3 рет соққы жасап, соның біреуін торға тулатты.

    Бұған дейін Өзбекстан құрамасы Ташкентте еліміздің бас командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ал Өзбекстанның жастар құрамасы (U20) 19 наурызда Азия чемпионатының финалында Ирак командасын 1:0 есебімен жеңіп, құрлық чемпионы атанған еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *