• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Сенсация! Қазақстан Дания құрамасын жеңді (ВИДЕО)

    Бүгін футболдан 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысып жатқан Қазақстан құрамасы өз алаңында Даниямен кездесті.

    Қазақстан құрамасы іріктеу сатысында H тобында Дания, Словения, Финляндия, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино командаларымен бірге қатысып жатыр.

    Бүгін ұлттық құрама тарихи жеғңіске жетті. Еліміздің бас командасы  0:2 есебімен жеңіліп жатып, камбэк жасап, қарсыластарын 3:2 есебімен ұтті. Мұндай оқиға ел футболында бұрын-соңды болған жоқ.

    Кездесудің бірінші таймында  даниялық футболшылардың басымдығы көрінген еді. Олар бірінші таймда Шацких қорғаған қақпаға екі доп соғып, жеңіске жетуге аз ғана қалған болатын. Расмус Хёйлунн 21, 36-минутта дубльдің авторы атанды.

    Алайда, матчтың екінші таймында отандастарымыз ойныды қолға алып, үш бірдей гол соғып, барлық жанкүйерді таң-тамаша етті. Ойынның 73-минутында даниялық футболшылар өзінің айып алаңында ереже бұзды. Алаң иелері осы мүмкіндікті сәтті пайдаланды. Қақпаға белгіленген пенальтиден Бахтиер Зайнутдинов мүлт кеткен жоқ. Ал, 86-минутта Асхат Тағыберген допты алыстан шірене теуіп, есепті теңестірді.  Бұл – оның ұлттық щұрама сапындағы алғашқы голы болды. Ол қазірге дейін 43 ойын ойнаған.  Матчтың 89-минутта әуелеп келген допты Абат Айымбетов баспен қақпаға қадады.

    Осылайша, Қазақстан қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Екі команда бұған дейін төрт мәрте кездескен болатын. Оның барлығында даниялық футболшылар жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Қазақстан құрама тарихи жеңіске жетіп, сол кеткен есені камбэкпен қайтарды.

    Енді Қазақстан командасы 16 маусымда сырт алаңда Сан-Мариномен кездеседі. Одан кейін 19 маусымда Солтүстік Ирландиямен жасыл алаңға шығады.

    Қазақстан – Дания – 3:2 (0:2)

    Голдар: Зайнутдинов 73 (пенальти), Тағыберген 86, Айымбетов 89 — Хойлунд 21, 36

    Ескертулер: Айымбетов 89, Шацкий 90+2, Дарабаев 90+3 — Хойлунд 90+3

    Қызыл қағаз: Айымбетов 90+6 (екінші ескерту)

    Қазақстан: Шацкий (қ), Вороговский, Әліп, Малый (Ерланов 46), Марочкин, Габышев (Скворцов 34), Тағыберген (к), Бейсебеков (Дарабаев 83), Зайнутдинов (Исламхан 79), Оразов, Самородов (Айымбетов 78);

    Қосалқы құрам: Покатилов (қ), Шайзада (қ), Ерланов, Қайыров, Скворцов, Досмағамбетов, Исламхан, Дарабаев, Кеңесов, Прокопенко, Жұмабек, Айымбетов;

    Бас жаттықтырушы: Магомед Адиев;

    Дания: Шмейхель (қ), Мехле (Кристенсен 83), Нельссон, Кьер (к), Ба (Ларсен 65), Йенсен (Биллинг 65), Нёргор, Хейбьерг, Винд (Брэйтуэрт 87), Хойлунд, Дамсгард (Дарами 65);

    Қосалқы құрам: Роннов (қ), Хермансен (қ), Занка, Йелерт, Кристенсен, Биллинг, Дрейер, Ларсен, Хьюлманн, Брэйтуэрт, Дарами, Ингвартсен;

    Бас жаттықтырушы: Каспер Юльманн.

    Төрешілер: Новак Симович, Никола Джорович, Милош Симович (барлығы – Сербия)

    VAR төрешілері: Момчило Маркович, Елена Цветкович (екеуі де – Сербия).

    26.03.2023. «Астана Арена», Астана. 28 600 жанкүйер.

     

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    ФОТО: Тимур ҚАЗАНҒАПОВ

     

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by KazFootball.kz (@kazfootballkz)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *