• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Қазақстан

    Футболдан Қазақстан құрамасының жолдастық матчтарға тізімі жарияланды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының Армения мен Әзербайжан командаларымен болатын жолдастық матчтарға қатысатын ойыншылардың кеңейтілген тізімі жарияланды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Ел құрамасы 7 маусымда Армениямен Еревандағы В.Саркисян атындағы Республикалық стадионда, 11 маусымда Әзербайжан құрамасымен Мажарстанның Сомбатхей қаласындағы «Халадаш» стадионында ойнайды. Қазақстан құрамасының тізімі: Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Данил Устименко («Қайрат»), Александр Заруцкий («Астана»); Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат ...

    Read More »

    Елге Эверестке шыққан альпинистер оралды (ВИДЕО)

    Дүниежүзінің ең биік шыңы — Эверест шыңына (8848 м) шыққан қазақстандық альпинистер Мақсұт Жұмаев, Анар Бурашева пен Әлмір Қымбатбайұлы елге оралды. ҚазАқпараттың хабарлауынша, оларды Алматының әуежайында қаумалаған халық күтіп алды. Бұл экспедиция еліміздің мемлекеттік туын әлемнің ең биік шыңында көтеру мақсатында болды. Осы жерде атап өтетін бір нәрсе, Эверестке (Джомалунгма, — тибетше, Сагарматха, — непалша) шыққан Анар Бурашева қазақ әйелдерінен ...

    Read More »

    Grand Slam турнирі: Қазақстан тағы екі жүлде алды

    Тәжікстанның астанасы – Душанбе қаласында дзюдодан өтіп жатқан Grand Slam турнирінде күміс жүлде алған Мағжан Шамшидиннен кейін тағы екі балуан медалист болды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. 81 келі салмақтағы Абылайхан Жұбаназар мен Дархан Қойбағар (73 кг) қола жүлдегер атанды. Дархан Қойбағар Үлкен дулыға санатындағы жарыста алғаш рет жүлде алды. Ол кіші финалда Дархан моңғолиялық Ерденбаяр ...

    Read More »

    Көркем гимнастикадан АЧ: Қазақстан командалық есепте екінші орын алды (ФОТО)

    Өзбекстанның астанасы — Ташкент қаласында көркем гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Сары құрлық додасының соңғы күні жекелей және топтық жаттығулар бойынша финал болып, Қазақстан құрамасы 321.60 ұпаймен екінші орынды иеленді. Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды  329.45 ұпаймен Өзбекстан гимнасшылары алса, үшінші орынды 316.85 ұпай жинаған Жапония спортшылары қанағат тұтты. Жекелей сында Елжаңа ...

    Read More »

    «Барғандары бір қора, алғандары бір қола»: Қазақстан дзюдошылары Олимпиададан жүлде ала ма?

    Астанада дзюдодан өтетін Grand Slam әлемдік турнирге алыс-жақын 89 елден 475 спортшы келеді. Дзюдо отаны — Жапониядан бір спортшы жарысқа өтінім берген. Сондықтан жарысқа Жапониядан бір-ақ дзюдошы қатысады. Былтыр елімізде болған Grand Slam турниріне үш жапон қызы келіп, 1 алтын, 1 күміс медаль алған еді. Айтайын дегенім, туризм және спорт министрі Жапония мен Өзбекстаннан неге үлгі алмайды? Мысалы, Жапонияға оқу-жаттығу ...

    Read More »

    Хоккейден ӘЧ: Қазақстан құрамасы тарихи жеңіске жетті

    Финляндияда хоккейден жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Чехия командасымен кездесіп, қарсыластарын 4:3 есебімен жеңді. Матчтың бірінші кезеңінде Чехияның ойыншылары Қазақстанның қақпасына екі шайба салып, алға шықты. Содан кейін Большедворский мен Корнеев есепті теңестірді. Үшінші кезеңде чех Ехо командасына бір гол сыйласа, ұлттық құрамада Перкин таблодағы есепті 3:3-ке өзгертті. Ойынның нүктесін Шипилин қойды. Есеп -4:3. Осылайша Қазақстан құрамасы ...

    Read More »

    «Болашақтың ойындары» 2026 жылға ауыстырылады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздегі су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаржыны үнемдеу мақсатында елімізде өтетін имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеуді және кейінге шегеру туралы берген тапсырмасына байланысты биыл күзде ұйымдастырылатын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу шығындарын оңтайландыру, «Болашақтың ойындары» халықаралық мультиспорт турнирін ұйымдастыру және өткізу бойынша дайындық жұмыстарын 2025 жылдан 2026 жылға ауыстыру ...

    Read More »

    Еркін күрестен ұлттық құрама соңғы лицензиялық турнирге қатысады

    Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Мадияр Құрамысов мамыр айында Түркияның Ыстанбұл қаласында өтетін соңғы лицензиялық турнирге қатысатын балуандарды атады, деп хабарлады olympic.kz. Ол әлемдік лицензиялық турнирге баратын спортшылар Түркияда өткен «Яшар Догу» турнирінде анықталғанын айтты. Оның айтуынша, Азия аймақтық лицензиялық турнирі басталмай тұрып, жолдама болмаған жағдайда, соңғы іріктеу жарысқа қатысатын балуандар анықталған.Қазір ұлттық құрамада үш салмақта жолдама ...

    Read More »

    Қазақстан бессайысшылары — Әлем кубогының иегері!

    Қазіргі бессайыстан Қазақстан командасы Түркияның Анкара қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Қазақстан спортшылары аралас эстафетада бірінші орынды иеленді. Бұл жарыста Қазақстан намысын Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко қорғады. Олар 1327 ұпай жинады. Екінші орынға Египет, үшінші орынға Италия құрамасы орналасты.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Жағажай волейболдан ұлттық құрама Аустралиядан жеңілді

    Жағажай волейболдан Таиланд елінің Сонгкхла қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы Аустралиядан жеңілді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Турнирге 15 елден 100-ден астам спортшы қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы 1/8 финалда Аустралиядан 0:2 есебімен есе жіберді. Халықаралық турнир 16 сәуір аяқталады.

    Read More »