Белурасьтің Минск қаласында байдарка мен каноэде есуден «Мықтылар кубогы» турнирі болды. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы қола жүлде жеңіп алды. 500 метр қашықтықтағы екілік-байдарка сайысында Татьяна Токарницкая мен Ольга Шмелева үшінші орынға ие болды. Турнирге тоғыз елдің спортшылары қатысты. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Tag Archives: қола жүлдегер
Таеквондодан Қазақстан 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды
Бүгін таеквондодан АҚШ-тың Шарлотт қаласында Гран-при санатындағы жарыстың алғашқы кезеңі, ал Австрияның Инсбрук қаласында дәстүрлі Austrian Open турнирі аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. АҚШ-тағы турнирдің соңғы күні Нодира Ахмедова 49 кг дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Ол финалда Лю Ю Юнға (Қытайдың Тайпейі) есе жіберді. Осыған дейін Тамерлан Тілеулес (-58 кг) пен Батырхан ...
Read More »Қазақстан спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында қола жүлде алды
Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы спорттық гимнастикадан қола медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың спортшылары командалық көпсайыста үшінші орынға шықты. Жүлдеге Нұртан Ыдырысов, Роман Хегай, Артём Ковалев, Владислав Бабушкин, Андрей Терман мен Өмірсерік Досжан ие болды. Командалық көпсайыста бірінші орынды Жапония иеленсе, екінші орынға Оңтүстік Корея құрамасы көтерілді. Бұған дейін ересектер құрамасы да Азия чемпионатында ...
Read More »Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен қола жүлдегер атанды
Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды. Ол жарыста төрт рет ойнап, жартылай финалға шықты. Бірақ, 1/2 финалда Бекмұхамбетова қарсыласынан жеңіліп қалды. Осылайша, ол үшінші орынды қанағат тұтты. Бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова Болгария мен Испанияда өткен турнирлерде жеңіске жеткен еді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Нұрсұлтан Алтынбек бокстан Таиландтағы турнирдің қола жүлдегері атанды
Боксшы Нұрсұлтан Алтынбек 55 келі салмақта Таиландтың астанасы – Бангкок қаласында өтіп жатқан Thailand Open халықаралық турнирдің қола жүлдегері атанды. Ол жартылай финалдық жекпе-жекте Таиланд боксшысына 1:4 есебімен жол берді. Оның алдында боксшы ширек финалда жапониялық Мизогучи Сехуроны 5:0 есебімен жеңген болатын. Дәстүрлі турнир 24 мамырда басталған еді. Ол 1 маусымға дейін болады. Оған Қытай, Корея, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан, Таиланд ...
Read More »Жеңіл атлетикадан АЧ: Ясмина Тоқсанбаева – қола жүлдегер!
Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымға спорттық жүрісте жеке рекордын тіркеп (1:32.15), қола медаль иеленді. Сондай-ақ дәл осы бағдарламада ерлер арасында тағы бір отандасымыз Георгий Шейко 7-орынға орналасты.
Read More »Ақ Азиада аяқталды
Қытайдың Харбин қаласында ұйымдастырылған IX қысқы Азия ойындары мәресіне жетті, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Биылғы ақ Азиадада Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс, 7 қола жүлде олжалап, жалпыкомандалық есепте 4-орынға тұрақтады. Ел қоржынына алтын жүлдені биатлоннан жекелей сында өнер көрсеткен Владислав Киреев, фристайл-акробатикадан синхронды секіруден, шорт-тректен және хоккейден ерлер құрамасы салды. Күміс жүлдені ...
Read More »Ерасыл Қажыбаев – Бакудегі Үлкен дулыға турнирінің қола жүлдегері
Дзюдодан ұлттық құраманың спортшысы Ерасыл Қажыбаев Әзербайжанның астанасы — Бакуде өтіп жатқан Үлкен дулыға санатындағы жарыста үздік үштікке кірді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Аса ауыр салмақтағы (+100 кг) отандасымыз жүлде жолында грузиялық Саба Инаниешвилиді қосымша уақытта (golden score) жеңді. Айта кетейік, Ерасыл Қажыбаев үшін Баку олжалы қаланың бірі. Ол осыдан 2 жыл бұрын ...
Read More »Қазақстан – индорхоккейден Азия кубогының қола жүлдегері!
Талдықорған қаласында индорхоккейден Азия кубогы үшін турнир аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Турнирде Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлдегер атанды. Ольга Урманова жаттықтыратын командамыз Таиланд ойыншыларын 7:2 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Мачта Аман Елубаев покер жасаса (4 гол), Еркебұлан Дүйсенбеков, Ермек Ташкеев пен Тілек Өзбек бір-бір голдың авторы атанды. Ал қақпашы Ленур Вишняков ойынның үздік ойыншысы ...
Read More »Дзюдодан ӘЧ: Абиба Абужақынова екі дүркін қола жүлдегер атанды
Ұлттық құраманың дзюдошысы Абиба Абужақынова Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Абиба Абужақынова жүлде жолында Түркияның өкілі Тугче Бедерді жеңіп, дүниежүзі бәсекесінде екі жүлде алған тұңғыш қазақстандық әйел дзюдошы болды. Ол Абу-Даби татамиінде жарысты екінші айналымнан бастап, әуелі Түркия, содан кейін Словакия мен Бразилия құрамасының ...
Read More »