• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: алтын медаль

    Еркін күрес: Камиль Куруглиев Азия чемпионы атанды

    Иорданияның Амман қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Азия чемпионатының (U15&U20) сегізінші күні U20 еркін күрестен 5 кг салмақ дәрежесінде белдесулер өтіп, ұлттық құрама ел қоржынына төрт жүлде салды. Атап айтар болсақ, 97 келіде сынға түскен маңғыстаулық балуан Камиль Куруглиев финалда өзбек Айназар Базарбаевты ұтып, Азия чемпионы атанды. 57 келідегі Мерей Базарбаев түркімен Амир Амаюновтан, 70 келіде сынға түскен Мұхаметәлі Қабидолданов ...

    Read More »

    Жеңіл атлетика: Қазақстан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

    Таиландтың астанасы — Бангкокта жеңіл атлетикадан өтіп жатқан XXV Азия чемпионатында биіктікке секіруден ұлттық құрамагың спортшысы Кристина Овчинникова чемпион атанса, Елизавета Матвеева күміс жүлдеге ие болды. Екі қазақстандық атлет 1,86 метрге секірген. Кристина алғаш болып осы көрсеткішті тіркегендіктен бас жүлдені алды. Қола медаль өзбекстандық Светлана Радзивилге бұйырды (1,83 метр). Қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміспен жалпы есепте 4-орында келеді. ...

    Read More »

    Әлемдік гран-при:  Қазақстан алтын медаль жеңіп алды

    Равиль Мансұрбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында жеңіл атлетикадан мүгедек спортшылар арасында өткен әлемдік Гран-при сериясының F-46 класында ядро лақтырудан жеңімпаз атанды. Қазақстан спортшысы ядроны 14,43 метрге лақтырып, бірінші орыннан көрінді. Ал қытайлық Уей Енлонг ядроны 14,28 метрге түсіріп, екінші орынды иеленсе, 13,39 метрге ядро лақтырған кувейттік спортшы Алсалах Абдуллах үшінші орынды қанағат тұтты. Жарыста қазақстандық спортшылар осымен үш-медальді иеленді. ...

    Read More »

    «Азия балалары» ойындары: Мейіржан Төлеген алтын жүлде алды

    Еліміздің шорт-тректен құрама командасы Ресейдің Кузбасс облысында өтіп жатқан «Азия балалары» ІІ қысқы ойындарын табысты аяқтады. Бүгін 1000 метрге жарыста Мейіржан Төлеген чемпион атанса, Мадияр Мадихов қола жүлдені иеленді. Финалда өнер көрсеткен Əліби Əлімгереев пен Ерасыл Шыңғысхан төртінші жəне бесінші орыннан көрінді. Шорт-тректен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Данабек Хайров шəкірттерінің нəтижесін жақсы деп бағалап, команда соңғы күні алтын медаль алуға ...

    Read More »

    Жеңіл атлет Кристина Овчинникова әлемдік додада жеңімпаз атанды

    Чехияда жеңіл атлетикадан өткен World Athletics Indoor Tour — Silver халықаралық турнирде Кристина Овчинникова жеңімпаз атанды. Ол турнирдің биіктікке секіру жарысында 1 м 90 см-ге секіріп, бас жүлдені жеңіп алды.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Универсиада: Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті

    Бүгін АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы универсиадада Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. Тұғырдан секіру жарысында Данил Васильев қарсылас шақ келтірмей, универсиаданың чемпионы атанды. Отандасымыз кіші трамплинде (К-90) 257.3 ұпай жинады. Алғашқы мүмкіндігінде 127.2 балл, ал финалда 130.1 ұпайға ие болды. Қалған қос медаль австриялық атлеттің еншісінде. Күміс жүлде Максимилиан Линерге, қола медаль Тимон Паскаль Кахоферге бұйырды. ...

    Read More »

    Қазақстан алғаш рет парабиатлоннан әлем кубогының иегері атанды

    Финляндияда өткен парабиатлоннан Әлем кубогы кезеңінде Ербол Хамитов 10 км қашықтықты 32:37.0 секундта жүріп өтіп, алтын медаль еншіледі. Екінші орын украиналық қарсыласы Тарас Радқа (33:41,6), ал үшінші орын тағы бір украин спортшысы Александр Алексикке (33:50,7) бұйырды. Әлем кубогының кезеңіндегі бұл жеңіс — Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медаль. Парашаңғы мен парабиатлоннан әлем кубогының кезеңі Финляндияның Вуакатти қаласында 7-19 желтоқсан аралығында өтіп ...

    Read More »

    Қазақстан ескек есуден тағы екі жүлде алды

    Таиландтың Паттайя қаласында академиялық ескек есуден ересектер мен жастар арасындағы XXI Азия чемпионатының соңғы күні Қазақстан құрамасының спортшылары тағы екі медаль жеңіп алды. Жасөспірімдер арасында (JM2-) Тимур Фомичев пен Ярослав Мельников жұбы мәреге бірінші келіп, алтын жүлде алды. Ал жасөспірімдер арасында (JM4-) санатында Медина Қоңырбаева, Варвара Белоногова, Анжела Полянина, Мелани Жакупова квартетін финалда үздік үштікті түйіндеді. Ересектер арасында (LW1x) Мария ...

    Read More »

    Отандасымыз семсерлесуден алтын жүлде алды

    Ташкентте семсерлесуден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтуде. Бұл туралы Ұлттық семсерлесу федерациясының Instagram желісіндегі парақшасында хабарланды. Жарыстың бірінші күні спортшымыз Богдан Лукин семсерлесуден әлем кубогының жекелей біріншілігінің алтын медалін жеңіп алып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Жартылай финалда ол египеттік Шамель Юсефті 15:7 есебімен ұтып,  финалда турнир иесі өзбекстандық Тимуров Мейірханды 15:12 есебімен жеңді. Мұстафин Ғабидин, Георгий Тинников пен София Ақтаева ...

    Read More »

    Конькиші Алина Дауранова алтын медаль алды

    Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан командасының өкілі Алина Дауранова Финляндиядағы әлем Кубогының жасөспірімдер кезеңінің жеңімпазы атанды. Ол 1000 метр қашықтықта үздік атанды. Дауранова 1:22.107 нәтижесімен жеңіске жетті. Екінші мәреде поляк Виктория Дабровска болды. Итальяндық Серена Пергер үздік үштікті аяқтады.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »