• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: алтын медаль

    Велоспорттан АЧ: Евгений Федоров тас жолда топ жарды

    Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Федоров Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Ол топтық жарыста жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Спортшы 154,4 шақырымды 03:25.17 уақытта жүріп өтіп, жеңімпаз атанды. Екінші орынды Қытай өкілі Хаоюй Суй, үшінші орынды Абдулла Жасим Әли (БАӘ) иеленді.    

    Read More »

    Стенд атудан АЧ: Қазақстан тағы бір алтын жүлде алды

    Қазақстан құрамасы стенд атудан Дохада (Қатар) өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бірнеше жүлдені иеленді. Элеонора Ибрагимова, Анастасия Прилепина мен Наргиза Сарманова алтын медальді жеңіп алды. Олар «трап» бағдарламасы бойынша командалық сайыста үздік атанды. Сонымен бірге «трап» дисциплинасында отандастарымыз жекелей сында да жақсы өнер көрсетті. Максим Бедарев пен Элеонора Ибрагимова күміс жүлдеге ие болды. Бұған дейін ұлттық құрама «скит» түрінен екі ...

    Read More »

    Ауыр атлеттер төрт алтын жүлде жеңіп алды

    Кеше Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында Олимпиада чемпионы Қаныбек Осмоналиевтің жүлдесіне арналған ауыр атлетикадан XXXVII халықаралық турнир басталды. Ол 26 желтоқсанда бітеді. Турнир Қаныбек Осмоналиевтің 1980 жылы Мәскеу қаласында өткен Олимпиада ойындарындағы жеңісінің 45 жылдығына орай ұйымдастырылды. Оған Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Тәжікстан елдерінен 141 спортшы қатысып жатыр. Бүгін ұлттық құраманың өкілі Ақмолда Сайрамкез өнер көрсетті. Ол жұлқа көтеруде 120 ...

    Read More »

    Могулшы Анастасия Городко екі алтын жүлде алды

    Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан Францияның Тинь қаласында өткен халықаралық турнирде төрт медаль жеңіп алды. Ұлттық құраманың қоржынында екі алтын және екі қола жүлде бар. Әйелдер арасындағы жарыста Анастасия Городко екі рет құрмет тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев қола жүлдеге ие болды.   Рүстем ЖҰМАН, АСТАНА  

    Read More »

    Шахматтан АЧ: Қазақстан командасы бес алтын жүлдемен келе жатыр

    Таиландтың астанасы Бангкок қаласында  шахматтан XXVII жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Қазақстан шахмат федерациясы. Жасөспірім шахматшылар бағдарламаның үш түрі – классика, рапид және блиц бойынша 11 медаль жеңіп алды. Оның бесеуі – алтын жүлде. Милана Филиппова (G10) мен Мария Холявко (G14) – классикада, Әміржан Әнетов (O10) – рапидте, Әлішер Әбдісаттар (O14) мен Әсия Асылхан (G16) – блицте Азия ...

    Read More »

    Әлем кубогы: Кристина Шумекова тағы да алтын жүлдені жеңіп алды

    Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Италияның Милан қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңінде үш дүркін алтын жүлдені жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Ол 30 қарашада 1500 метрлік қашықтықта мәреге бірінші болып жетті. Екінші болып жапониялық Аяно Секигучи келсе, үздік үштікті қытайлық Цзяминь Цзян түйіндеді. Бір күн бұрын Шумекова 1000 және 3000 метр қашықтықтарда да бірінші орын алған еді. ...

    Read More »

    Кикбоксингтен ӘЧ: Қазақстан құрамасында 3 алтын, 10 күміс және 7 қола медаль

    Бүгін БАӘ-нің Әбу-Даби қаласында кикбоксингтен ересектер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Биылғы бәсекеге ұлттық құрама сапында 49 спортшы қатысып, команда 3 алтын, 10 күміс және 7 қола медаль иеленді. Осылайша Қазақстан жалпыкомандалық есепте 12-орын алды. Барлығы жүлде алған мемлекеттер саны 49. Назарыңызға әлем чемпионатында жүлде алған спортшылар тізімін ұсынамыз: Фулл-контакт ...

    Read More »

    Қазақстан семсерлесуден «Мықтылар турнирінде» үш алтын жүлде алды

    Астанада семсерлесуден халықаралық «Мықтылар турнирі» өз мәресіне жетті, деп хабарлады Ұлттық Олимпиялық комитет. Қазақстан құрамасы бұл сайыста сегіз медаль жеңіп алды. Оның үшеуі – алтын жүлде. Бірінші күн Ерлер Алексей Касаткин (Қазақстан) Кирилл Проходов (Қазақстан) Эльмир Әлімжанов (Қазақстан) Әйелдер Севара Рахимова (Өзбекстан) Шахзода Егамбердиева (Өзбекстан) Владислава Андреева (Қазақстан) Екінші күн Ерлер Ерлік Сертай (Қазақстан) Кирилл Проходов (Қазақстан) Эльмир Әлімжанов (Қазақстан) ...

    Read More »

    Су спортынан АЧ: қоржында әртістік жүзуден алтын жүлде бар

    Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында құрама команданың арулары еркін бағдарламада өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. Нәтижесінде әйелдер арасындағы командалық есепте қыздар 267.0639 ұпай жинап, алтын медальға ие болды. Өзбекстан құрамасы – 187.3013 ұпаймен күміс медаль еншілесе, Тайланд спортшылары 180.9401 ұпаймен үздік үштіктен көрінді. Ел намысын қорғаған Қазақстан құрамасы ...

    Read More »

    XXI ғасырдағы алғашқы алтын медаль!

    Тарихи медаль! Қазақстан XXI ғасырда араға 26 жыл салып, грек-рим күресінен әлем чемпионатының алғашқы алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Хорватияның астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алтын медаль түсті. Отандасымыз Айдос Сұлтанғали 60 кг дейінгі салмақтың финалында Әлішер Ганиевті (Өзбекстан) жеңді. Айдос Сұлтанғали елімізге 26 ...

    Read More »