Германияда өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Бұл медальді көркем гимнастикадан Айбота Ертайқызы таспа жаттығуда қалтасына басты. Ол үздік үштіктен орын алды. Бас жүлдені 18 дүркін Азия чемпионы Тахмина Икромова (Өзбекстан) жеңіп алса, күміс медальді бейтарап спортшы, әлем чемпионы Алина Харнаско иеленді. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »Tag Archives: Ақбота Ертайқызы
Гимнасшы Айбота Ертайқызы да Азия чемпионы атағын алды
Көркем гимнастикадан Қазақстан командасының спортшысы Айбота Ертайқызы Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды. Ол таспамен жаттығуда алтын жүлдені жеңіп алды. Төрешілер оның өнерін 32,90 ұпайға бағалады. Күміс медальді өзбекстандық Тахмина Икромова, қола жүлдені жапониялық Рейна Мацусака иеленді. Бұған дейін Айбота Ертайқызы доппен жаттығуда күміс, шығыршықпен жаттығуда қола медаль алды. Бүгін сондай-ақ, Елжаңа Таниева екінші рет Азия чемпионы ...
Read More »