• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: бокс

    Боксшы Саматәлі Төлтаев допинг дауына ілікті

    Бокстан Қазақстан құрама командасының мүшесі Саматәлі Төлтаев допинг дауына ілікті. Оған тыйым салынған затты пайдаланды деген айып тағылуы мүмкін. Бұл туралы bassport.kz хабарлады. Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, Саматәлі Төлтаевтың алғашқы допинг сынамасы оң нәтижеге берген. Енді екінші сынаманың қашан алынатыны белгісіз. Қазір Халықаралық допингке қарсы агенттік (WADA) осы іске қатысты тексерісті  бастады. Боксшы 60 келіде сынға түскен.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Бокшылар әлем чемпионатынан оралды (ФОТО)

    Бүгін бокстан Қазақстанның әйелдер құрама командасы Үндістанның Дели қаласында өткен әлем чемпионатынан оралды. Алматы әуежайынан спортшылар мен Шәміл Сафиуллин бастаған жаттықтырушылар қосынын жанкүйерлер, боксшылардың туған-туыстары мен достары, қаладағы спорт мектептерінің шәкірттері мен БАҚ өкілдері қарсы алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы хабарлады. Биылғы бокс бәсекесінде әйелдер құрамасы 2 күміс пен 4 қола жүлде алып, жалпыкомандалық есепте ...

    Read More »

    Қазақстан боксшылары IBA-дан 200 мың доллар сыйақы алады

    Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанның астанасы — Делиде өткен әлем чемпионатын аяқтады. Осы жарыста әйелдер құрамасы 2 күміс пен 4 қола жүлде алды. Осылайша, бас бапкер Шәміл Сафиуллин шәкірттері шет елдегі жарыстарда медаль саны жағынан үздік нәтиже көрсетіп, соңғы 7 жылда болмаған жетістікке жетті. Сондай-ақ жүлде саны жағынан жалпы есепте Қытайдан кейін екінші орынға ие болды. Қазақстан құрамасы сапында Делиде ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионатында Назым Қызайбай ұтылып қалды

    Боксшы Назым Қызайбай әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді. Ол жарысты 50 келі салмақта 1/16 финалдан бастады. Оның қарсыласы вьетнамдық Тхи Там Нгуен болды. Кездесуде Қызайбай жеңіліп қалды. Назым Қызайбай – әлемнің екі дүркін чемпионы (2014, 2016), Азия чемпионы.   Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА

    Read More »

    Үндістанда бокстан әлем чемпионаты басталды (ВИДЕО)

    Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасында әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні күндізгі сессияда 52 келіге дейінгі салмақтағы Азия чемпионатының жүлдегері Жазира Орақбаева рингке шықты. Ол Тайвань өкілі Чиа-Хсунь Чанмен қолғап түйістіріп, екінші раунда қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундтың басында төреші жекпе-жекті тоқтатты. Сөйтіп, Жазира Орақбаева қарсыласын техникалық нокаутпен ұтып, келесі айналымға жолдама алды. Еліміздің басқа боксшылар ертең ...

    Read More »

    Мырзағали Айтжанов қазақ пен өзбек боксын салыстырды

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов Бокс федерациясының ұйымдастырған пресс-тур кезінде қазақ пен өзбек боксын жиі салыстырып жүрген адамдарға жауап берді. Оның айтуынша, соңғы кезде қазақ пен өзбек боксшыларын салыстыратын адамдар көбейіп кетті. Қазір еліміздің былғары қолғап шеберлері осыдан бірнеше жыл бұрынғы деңгейге жету үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасап жатыр. Шыны керек, соңғы кезде есеміз кетіп ...

    Read More »

    Халықаралық бокс федерациясы қазақ боксшыларын тізімнен алып тастады

    Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингті жаңартып, Қазақстанның екі боксшысын тізімнен алып тастады. Бірінші ауыр салмақта оныншы орында тұрған Серік Мұсаділов үздік он бес боксшының қатарынан шығып қалды. Екінші орта салмақтағы Әли Ахмедов алтыншы орынын сақтап қалды. Тізімнің басында Ұлыбритания боксшысы Уильям Скалл тұрса, одан кейінгі сатыға ресейлік Владимир Шишкин мен АҚШ өкілі Калеб Плант жайғасқан. Чемпиондық атақ мексикалық Сауль «Канело» ...

    Read More »

    Бокстан әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрама анықталды

    Бокстан 14-26 наурыз күндері Үндістанның астанасы — Дели қаласында әйелдер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстанның ұлттық құрама командасы анықталды. Қазақстан бокс федерациясының хабарлауынша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына толық құрамда қатысып, 12 салмақ дәрежесінде күш сынасады. Ел намысын Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай  (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Римма Волосенко ...

    Read More »

    Қамшыбек Қоңқабаев WBA тізімінен түсіп қалды

    Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингті жариялады. Бұл тізімде аса ауыр салмақта Иван Дычко ғана бұрынғы орнында тұр. Ол 15-орынды сақтап отыр. Бұл дивизионды әлем чемпионы украиналық Александр Усик бастап келеді. Рейтингте конголық Мартин Баколе екінші, америкалық Деонтей Уайлдер үшінші орынға жайғасып отыр. Бірінші ауыр салмақта осыған дейін төртінші орында болған Қамшыбек Қоңқабаев рейтингіден шығып қалды. ...

    Read More »

    Странджа-2023: Өзбекстан боксы тағы бір жетістікке жетті

    26 ақпан күні Болгария астанасы – София қаласында Странджа кубогы үшін өткен халықаралық турнирде Өзбекстан боксы тағы бір жетістікке жетті. Gazeta.uz сайтының хабарлауынша, кеше Ташкент әуежайында спорт функционерлер мен қала жұртшылығы өзбек елінің мерейін көтеріп қайтқан боксшыларын күтіп алған. Соңғы кездері «кіші әлем чемпионаты» деген жанама атауға ие болып жүрген халықаралық турнирге Өзбекстан ерлер құрамасы 27 боксшыдан тұратын үш құрам ...

    Read More »