Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға шыққан ұлттық құраманың 48 кг салмақтағы өкілі Санжар Тәшкенбай жарыс туралы пікір білдірді. Ол кеше ¼ финалда жапониялық Казумо Аратакені жеңді. Ассалаумағалейкум! Бүгін ойдағыдай жартылай финалға шықтық, жеңіске жеттік. Бұл қарсыласпен екінші рет кездесіп тұрмын. Бапкерімізбен тактика құрып, Аллаға шүкір ол орындалды. Қолдауларыңызға рахмет, оны сезініп жатырмын! Бұйырса, ...
Read More »Tag Archives: бокс
Әлем чемпионаты: жартылай финалға бес боксшымыз шықты
Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының оныншы күні ойналған ширек финалында біздің бес саңлағымыз келесі кезеңге жолдама алды. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Бүгін шайқасқа барлық салмақ дәрежелеріндегі былғары қолғап шеберлері қатысты. Бұл 104 атлеттің арасында 12 кубалық, 11 өзбекстандық, 8 ресейлік, 7 қазақстандық, бес-бестен испаниялық, грузиялық және франциялық гүрзі жұдырықты жігіттер болды. Біздің үш атлетіміз – күндізгі, төрт оғланымыз кешкі сессияларда шаршы ...
Read More »Қамшыбек кеш оянды. Намыс жоқ екен – Тұрсынғали Еділов
Бүгін Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында бес бірдей былғары қолғап шеберіміз жартылай финалға шықты. Ертең – боксшыларда демалыс күні. Арғы күні, яғни 12 мамырда ұлттық құрамалардан ½ финалға шыққан боксшылар қайта шаршы алаңға көтеріледі. Ал бүгін Қазақстан ұлттық құрамасынан Асыланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (71 кг), Санжар Тәшкенбай (48 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг) ...
Read More »Бокс мектебімізді жоғалтып жатырмыз – Қайыр Жарылқасынов
Кеше Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында жеті боксшымыз ширек финалға шықты. Бүгінгі жекпе-жектер Астана уақытымен түскі сағат 15.00 мен кешкі 19.00-де басталады. Ұлттық құрамадан бірінші болып Ташкент төрінде керілген шаршы алаңға 57 кг салмақтағы Серік Теміржанов шығады. Ол кубалық Сайдель Ортамен қолғап түйістіреді. Олар үшінші жұп болып рингке көтеріледі. Одан кейін Асыланбек Шымбергенов (71 кг) ...
Read More »Әлем чемпионаты: жеті боксшымыз ширек финалға шықты
Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының тоғызыншы күні ширек финалға шыққан бокшыларымыз белгілі болды. Кеше ел намысын Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай, Махмұд Сабырхан, Дулат Бекбауов пен Нұрқанат Райыс қорғады. Күндізгі сессияда Асланбек (71 кг) израильдік Мирослав Капулер-Ищенконы, ал Нұрбек Оралбай (80 кг) тартысты жекпе-жекте түркиялық Каан Айкутсунды жеңді. Ұлттық құрама капитаны Шымбергенов қарсыласын бір ...
Read More »Әлем чемпионатының тоғызыншы күні: бес жекпе-жек, төрт жеңіс
Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының тоғызыншы күні Қазақстанның бес боксшысы рингке шығып, олардың төртеуі жеңіске жетті. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Бүгін чемпионаттың тоғызыншы күнінде шаршы алаңға 51, 54, 67, 71, 75, 80 келіге дейінгі салмақтардағы боксшылар көтеріліп, 1/8 финалдық текетірестерге қатысты. Осы күні бізден күндізгі сессияда 71 келіге дейінгі салмақтағы команда капитаны Асланбек Шымбергенов израильдік Мирослав Капулермен, 80 келіге дейінгі салмақтағы ...
Read More »Әлем чемпионатындағы сегізінші күнгі нәтиже: 2 жеңіс, 1 жеңіліс
Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының сегізінші күні Қазақстанның екі былғары қолғап шебері жеңіп, бір боксшысы жеңіліске ұшырады. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Бүгін 54 келіге дейінгі саңлақтар – 1/16 финалдық, ал 48, 60, 86 және 92 келіге дейінгі салмақтардағы атлеттер 1/8 финалдық жекпе-жектерін өткізді. Бізден 54 келіге дейінгі салмақтағы Махмұд Сабырхан күндізгі сессияда рингке бірінші болып шығып, венгр Иштван Закамен күш сынасты. ...
Read More »Бокс: жетінші күнгі көрсеткіші: 3 жеңіс, 1 жеңіліс
Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жетінші күні Қазақстан боксшыларының үшеуі жеңіске жетіп, біреуі ұтылып қалды. Бұл туралы rast.kz хабарлады. Бүгін 51 және 75 келіге дейінгі салмақтағылар – 1/16 финалдық, ал 57 келіге дейінгі және 92 келіден ауыр салмақтағылар 1/8 финалдық шайқастарын өткізді. Біздің боксшылардан Ташкент рингіне бірінші рет шығып тұрған Сәкен Бибосынов (51 кг) – үндістандық Дипак Дипакпен, Нұрқанат Райыс (75 ...
Read More »«Бибосынов жекпе-жегінің дауы». Қазақстан бокс федерациясы IBA-ға ресми шағым түсірді
Қазақстан бокс федерациясы Халықаралық бокс федерациясының президенті Умар Кремлевқа ресми шағым жолдады, деп хабарлады Zakon.kz. Ташкентте өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатында аясындағы Сәкен Бибосынов пен үнді боксшысы Дипак Кумардың жекпе-жегі бойынша төрешілердің шығарған даулы шешіміне қатысты шағым түсірілді. Қазақстан бокс федерациясы Халықаралық бокс қауымдастығының (AIBA) президенті Умар Кремлевтің атына Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегі бойынша төрешілердің шығарған даулы шешіміне байланысты ресми ...
Read More »Сәкен Бибосынов алғашқы кездесуінде-ақ жарыс жолынан шығып қалды
Әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды, деп хабарлады Halyq-uni.kz. 51 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері, үндістандық Дипак Кумарға есе жіберіп, бірден жарыс жолынан шығып қалды.
Read More »