30 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында екі салмақ дәрежесінің абсолютті чемпиондарының жекпе-жегі өтеді.
Бірінші орта салмақтағы (76,2 кг) әлем чемпионы Джермелл Чарло мен екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Канело Альварес бір-бірімен қолғап түйістіреді.
Бірақ әзірше жекпе-жектің қандай салмақ дәрежесінде болатыны белгісіз.
Джермелл былтырғы жылғы мамыр айынан бастап қолындағы жарақатына байланысты шаршы алаңға шықпай, бірден екі санатқа (7 кг) көтерілді. Бұған дейін «Канело» мен екінші орта салмақта WBC белбеуінің иесі Чарлоның егіз ағасы Джермалмен жекпе-жек өткізетіні туралы әңгіме болған еді. Енді жекпе-жектің 30 қыркүйекте болатыны шешілді.
Екеуі де әлемнің абсолютті чемпионы.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА