• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қонқабаев Жалоловпен жекпе-жекке қатысты ойын айтты (ВИДЕО)

    Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан ересектер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Аса ауыр салмақтағы боксшы Қамшыбек Қонқабаев ширек финалда Өзбекстанның өкілі Баходир Жалоловтан жеңілгеннен кейін жекпе-жекке қатысты ойын айтты.

    Бұл айқас 5:0 есебімен өзбек боксшының пайдасына шешілді. Ал Қамшыбек екі ескерту алды.

    Ассалаумағалейкум қазақ елі! Біріншіден, қолдап келе жатқан жанкүйерлеріме алғыс айтқым келеді. Бапкерлеріме алғыс айтамын.Жекпе-жек өздеріңіз көрдіңіздер, оңай жекпе-жек боғлан жоқ. Ол талай жерде жұдырықтасып келе жатқан бұрынғы қарсыласым.

    Ағайлардың қойған тактикасын орындауым кішкене ойдан шықпадыү Орындай алмадым десе де болады. Енді қателікпен жұмыс жасаймыз. Алда шаршы алаңға мықты болып оралып, қазақтың көк байрағын желбіретемін деген сенімдемін. Жеңісте де, жеңілісте де бірге болыңыздар! Алға Қазақстан!, — деді боксшы.

    Кеше әлем чемпионатында бес бірдей былғары қолғап шеберіміз жартылай финалға шықты.

    Бүгін –  боксшыларда демалыс күні. Ертең ұлттық құрамалардан ½ финалға шыққан боксшылар қайта шаршы алаңға көтеріледі. Ал бүгін Қазақстан ұлттық құрамасынан Асыланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (71 кг), Санжар Тәшкенбай  (48 кг), Махмұд Сабырхан (54 кг) мен Дулат Бекбауов (67 кг) жартылай финалға жолдама алды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *