• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Елена Рыбакина

    Рыбакина Аделаида турнирінің финалына шықты

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Австралияның Аделаида қаламсында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына шықты. Ол жұптық сында ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жартылай финалда жарыстың үшінші ракеткалары украиналық Людмила Киченокпен және латвиялық Елена Остапенкомен кездесіп, қарсыластарын 6:4, 7:5 есебімен ұтты. Енді Рыбакина Павлюченкомен бірге чехиялық Мириам Колодзьежова мен Маркета Вондроушова немесе бразилиялық Луиза Стефани мен америкалық Тэйлор Таунсенд жұптарының жеңімпаздарымен ...

    Read More »

    Рыбакина «Спорттағы жыл серпілісі» аталымы бойынша үздік атанды

    Астана спорт саласындағы жылдың таңдаулы жүлдесі – «Жеңімпаз рухы» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Онда әділ-қазылардың шешімімен еліміздің бірінші ракеткасы, «Уимблдон-2022» турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина «Спорттағы жыл серпілісі» номинациясында үздік атанды. «Жыл серпілісі» номинациясында маған дауыс бергендердің барлығына алғыс айтамын. Бұл ұлкен құрмет, аталған марапат мен үшін өте маңызды. Өкінішке қарай, мен марапатты жеке ала алмадым. Өйткені қазір Дубайда оқу-жаттығу жиынындамын. ...

    Read More »

    Рыбакина Дубайда әлемнің бесінші ракеткасын ұтты

    Елена Рыбакина Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан World Tennis League командалық турнирінің топтық кезеңінде әлемнің 5-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенконы ұтты. «Қаршығалар» тобында өнер көрсететін Елена Рыбакина «Сұңқарлар» сапында шыққан қарсыласын 0:6, 6:1, 10:6 есебімен тізе бүктірді. Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта отандасымыз 6 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. А.Соболенко 2 эйс, 3 брейкпен көзге түсті. Енді Е.Рыбакина германиялық ...

    Read More »

    Елена Рыбакина «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанды

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, Елена Рыбакина «Спорттағы жыл серпілісі» аталымы бойынша үздік шықты. Биыл 23 жастағы спортшы Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет жекелей сында Уимблдон турнирінде топ жарды. Сондай-ақ тағы екі WTA турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл байқауды «Еуразия жыл адамы» ұйымдастыру комитеті 2000 жылдан бері өткізіп келеді. Түрлі саладағы ...

    Read More »

    Рыбакина «Жыл ойыншысына» үміткер атанды

    Маусым қорытындысы бойынша әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) марапатына үміткерлер анықталды. Еліміздің бірінші ракеткасы, «Уимблдон-2022» турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина «Жыл ойыншысы» аталымы бойынша үміткерлер қатарына кірді. Сондай-ақ, жоғары марапатқа әлемнің бірінші ракеткасы, «Ролан Гаррос», US Open және тағы алты жарыстың жеңімпазы, Польшаның теннисшісі Ига Швентек, дүниежүзілік рейтингіде екінші тұрған US Open және «Уимблдон» турнирінің финалисі, Мадрид пен Берлин чемпионы, тунистік Онс ...

    Read More »

    Елена Рыбакина Қазақстан командасына жолдама алып берді

    Шотландияның Глазго қаласында теннистен командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде «С» тобында Қазақстан құрамасы Ұлыбританияның командасын ұтып, ширек финалға шықты. Кездесудің екінші ойынында Қазақстанның бірінші, әлемнің 22-ракеткасы Елена Рыбакина мен дүниежүзілік рейтингте 98-сатыда тұрған Хэрриет Дарт кездесті. Онда Рыбакина бірінші партияда есеп 1:1 болғанда қатарынан бес геймді ұтты. Есеп –  6:1. Екінші сетті отандасымыз 2:0 есебімен ...

    Read More »