• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: жолдама

    Қазақстан Олимпиаданың Азияда қалған жалғыз жолдамасына таласады

    16-27 мамыр аралығында Өзбекстаның астанасы — Ташкентте спорттық гимнастикадан Азия чемпионатының жалауы көтеріледі, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Оған Қазақстан атынан Нариман Курбанов, Милад Карими, Дмитрий Патанин, Ілияс Азизов, Диас Тойшыбек пен Фарух Набиев қатысады. Қазір Қазақстан құрамасы сапынан Нариман Курбанов пен Милад Карими Париж Олимпиадасының жолдамасын алып отыр. Ал қалған гимнасшыларымыз құрлыққа берілген жалғыз лицензияға ...

    Read More »

    Велотректен ұлттық құрама Олимпиаданың лицензиясын жеңіп алды

    Қазақстан құрамасы велотректен  Олимпиаданың бір жолдамасына ие болды. Бұл лицензия жеке спортшының өзіне емес, ұлттық федерацияға беріледі. Ал Олимпиадаға Қазақстан атынан баратын спортшы кейрин пен спринт дисциплинасында бақ сынай алады. Қазір Қазақстан командасының қоржынында 51 лицензия бар. Велотректен ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Иван Сиваштың айтуынша, қазір командада бәсеке артқан. Олимпиадаға кімнің баратыны анық емес. Канададағы жарыстан соң рейтинг шығып, квота ...

    Read More »

    Жолдама ала алмаған балуандарға айтарға сөзім жоқ — Мадияр Құрамысов

    Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Мадияр Құрамысов Түркияның Ыстанбұл қаласыда өткен соңғы іріктеу турнирін қорытындылады, деп хабарлады Olympic.kz Бұл турнирде еркін күрестің балуандары үш салмақта (57, 65, 74 келі) сынға түсіп, үшеуінде де жолдама ала алмаған еді. Бас жаттықтырушының айтуынша, негізі, жігіттер жақсы күресті. Бірақ шешуші сәтте шеберлік жетпей қалды. Құрамға келер болсақ, жігіттердің бәрін әділетті түрде ...

    Read More »

    Жаңыл Балтабаева пара каноэден Паралимпиадаға жолдама алды

    Пара каноэдан Мажарстанның Сегед қаласында өткен лицензиялық әлем чемпионатында Жаңыл Балтабаева Паралимпиада ойындарына жолдаманы жеңіп алды. Чемпионаттың В финалында (VL3 классы) өнер көрсеткен спортшы 200 метр қашықтықты 1:05.83 секундта жүріп өтіп, мәреге екінші болып жетті. Осы бәсекеде мәреге польшалық Моника Кукла 1:05.45 секунд нәтижесімен бірінші, ал франциялық Елеа Чарвет 1:07.33 нәтижесімен үшінші болып келді. Әлем чемпионатында Паралимпиадаға төрт жолдама ойнатылды. Чемпионаттың ...

    Read More »

    Еркін күрес балуандары Олимпиадаға жолдама ала алмады

    Еркін күрестен Қазақстан құрама командасы Түркияның Ыстанбұлда өткен әлемдік іріктеу турнирінде Олимпиадаға жолдама ала алмады, деп хабарлады Оlympic.kz Ұлттық құраманың балуандары үш салмақта Олимпиадаға лицензия алған жоқ.  Бұған дейін 86, 97 және 125 келідегі балуандар іріктеуден өткен болатын. Ыстанбұлда өткен соңғы іріктеу турнирінде балуандар 57, 65, 74 келіде жолдамаға таласты. Бірақ ешкім межелі орыннан көріне алмады. Рахат Қалжан (57 кг) ...

    Read More »

    Паралимпиадаға тағы 16 жолдама алу жоспарда бар – Елсияр Қанағатов

    Астанада Туризм және спорт министрлігінің жанынана құрылған  қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы мен жазғы Олимпиада және Паралимпиялық ойындарға дайындық штабында ұлттық құрама командалардың Паралимпиадаға дайындығына қатысты мәлімет берілді. Штаб төрағасы Елсияр Қанағатов министрлік тарапынан Парлимпиада ойындарына дайындық бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Жиынға Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ардақ Назаров, Нұрлан Әуесбаев, Дәулет Мұқаев, Қазыбек Иса, Нартай Сәрсенғалиев, Нұргүл Тау, Таңсәуле Серіков ...

    Read More »

    Гимнасшы Елжаңа Таниева Олимпиада лицензиясын жеңіп алды (ВИДЕО)

    Көркем гимнастикадан Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Елжаңа Таниева алтын медаль алып, Олимпиаданың жолдамасын иеленді. Ұлттық құрама көшбасшысы көпсайыста дес бермей, топ жарды. Айбота Ертайқызы жарысты бесінші орынмен аяқтады. Енді Қазақстан спортшыларында Париж Олимпиадасының 50 жолдамасы бар. Олар спорттың 17 түрінен лицензияны жеңіп алды. Еске сала кетсек, Токио Олимпиадасында ел намысын Алина Әділханова, оған дейін 2016 ...

    Read More »

    Көркем гимнасшылар Олимпиада жолдамасын сарапқа салады

    Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында көркем гимнастикадан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлады olympic.kz Оған Қазақстан құрамасынан жалпы есебі 8 спортшы қатысады. Жекелей сында Елжаңа Таниева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді.  Ал топтық жаттығуда Аяулым Кәдір, Аружан Қалсаева, Ақсұңқар Әбдірахман, Баян Қойбағар, Мария Корниенко мен София Ан сынға түседі. Осы Азия чемпионатында жекелей сын мен топтық жаттығудан Олимпиадаға бір-бір квота ойнатылады. Лицензия ...

    Read More »

    Стенд атудан ұлттық құрама Олимпиадасының лицензиясын иеленді

    Стенд атудан ұлттық құраманың көшбасшысы Эдуард Ещенко Катардың астанасы — Дохада өткен лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын алды. Ол скит бағдарламасында жекелей сында финалға жетіп, үздік үштікке ілікті. Эдуард алтын және күміс жүлдегер атанған спортшыдан тек бір ұпайға қалып қойды. Спортшы 35 ұпай жинады. Бұл — стенд ату шеберлерінің екінші жолдамасы. Осыған дейін трап жаттығуында Мария Дмитриенко командаға лицензия сыйлаған ...

    Read More »

    Семсерлесуден Айгерім Сарыбай Олимпиада жолдамасын алды (ВИДЕО)

    Семсерлесуден ұлттық құраманың спортшысы Айгерім Сарыбай Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Ол Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан лицензиялық жарыстың финалында Гонконгтың өкілі Ку Винг Чудан 15:13 есебімен басым түсті. Осының алдында Айгерім Сарыбай қылыш жаттығуы бойынша жартылай финалда аустралиялық Вероника Василеваны 15:12 есебімен жеңген еді. Ал ерлер бәсекесінде Ғалым Нұрымов Сингапур өкілі Самуэль Робсоннан 13:15 есебімен жеңілді. Фуджейрадағы жарыста ...

    Read More »