• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: жолдама

    Олимпиаданың іріктеу турниріне қатысатын боксшы анықталады

    Қазақстан бокс федерациясы биыл Францияның Париж қаласында өтетін жазғы Олимпиадының іріктеу ойындарына 63,5 кг салмақ дәрежесінде қатысатын боксшыны анықтау үшін бірнеше үміткер арасында спарринг өткізетін болып шешті. Бұл жекпе-жектер Астана қаласында болады. Оған Мұхамедсабыр Базарбайұлы, Ертуған Зейнуллинов, Серік Теміржанов, Дулат Бекбауов, Жандос Қыдыралиев пен Төрехан Сабырхан қатысады. Олимпиадаға іріктеу турнирі 8-10 сәуір аралығында Таиландтың астанасы — Банкок қаласында болады. Салмақ ...

    Read More »

    Нариман Курбанов Олимпиада лицензиясы үшін жарысқа шығады

    17-21 сәуір аралығында Катардың астанасы – Доха қаласында спорттық гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы. Жарыс қорытындысы бойынша Олимпиада лицензиясын алған гимнастар белгілі болады. Ұлттық құрама сапынан Нариман Курбанов ат снарядында ойындар жолдамасына иелік етуге бір табан жақын тұр. Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Александр Ким Курбановтың жолдаманы алуға мүмкіндігі жақсы екенін ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Қазақстан 31 жолдама алды

    Батуттық гимнастикадан Әлем кубогының бесінші кезеңінің қорытындысы бойынша Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. 25 жастағы спортшы былтыр Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында батуттық гимнастикадан жеке жаттығуда бірінші рет күміс жүлдені иеленген болатын. Бұған дейін батуттық гимнастикадан 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында алғаш рет Пирмаммад Алиев қатысып, 12-орынға ие болған еді. Қазір Қазақстан спортшыларында Олимпиаданың 31 жолдамасы бар. ...

    Read More »

    Олимпиада-2024: Қазақстан семсерлесуден алғаш рет төрт жолдама алды

    Грузияның Тбилиси қаласында семсерлесуден өтіп жатқан Әлем кубогының шешуші кезеңінде сапы жаттығуы бойынша Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі. Турнирге ұлттық құраманың сапында Руслан Құрбанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай мен Эльмир Әлімжанов қатысты. Командалық жолдаманың арқасында үш спортшымыз бірден жеке сайыста да Олимпиада жүлдесіне таласады. Бұл 1/8 финалда Оңтүстік Корея спортшыларының Чехиядан жеңілгеніне ...

    Read More »

    Олимпиадаға 26 жолдама бар

    Биыл Францияның астанасы Париж қаласында алауы тұтанатын  XXXIII жазғы Олимпиялық ойындарға Қазақстан құрамасы 26 лицензияны иеленіп отыр. Әзірше ел қоржынында спорттың 9 түрі бойынша жолдама бар. Атап айтанда, бокстан – 7, нысана көздеуден – 5, садақ атудан – 4, тасжолдағы велоспорттан – 3, заманауи бессайыстан – 2, таеквандодан да 2, грек-рим күресі, еркін күрес және спорттық гимнастикадан бір-бір лицензия. Ал ...

    Read More »

    Семсерлесушілер Олимпиада жолдамасын сарапқа салады

    22-24 наурыз күндері Грузияның Тбилиси қаласында шпагамен семсерлесуден Әлем кубогы кезеңі болады. Онда әлемнің 60-тан астам елінен жиналған спортшылар рейтингілік ұпай мен Париж Олимпиадасының жолдамасы үшін бақ сынайды, деп хабарлады olympic.kz. Бұл турнирде Руслан Курбанов пен Эльмир Әлімжанов бастаған құрама тарихта тұңғыш рет командалық сында лицензия жеңіп алуы мүмкін. Әлем кубогына Қазақстан сапынан 12 спортшы қатысады. Олар — Руслан Курбанов, ...

    Read More »

    Таеквондошы Абабакиров Олимпиада лицензиясын алды

    Таеквондошы Самирхон Абабакиров (58 кг) Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болды. Жартылай финалда ол Филиппин өкілі Курт Бриан Барбосаны айқын басымдықпен жеңді. Ұлттық құраманың спортшысы екі раундта ірі есеппен жеңіске жетті. Есеп – 2:0. Оған дейін Самирхон Абабакиров Нұрхан Самидиновты (Қырғызстан), одан кейін Танакрит Йодракты (Таиланд) жеңген болатын. Бұл — таеквондодан ұлттық құраманың Париж ...

    Read More »

    17 жастағы таеквондошы Олимпиада жолдамасын олжалады

    Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Ұлттық құрамадағы ең жас таеквондошы жартылай финалда Сауд Арабиясының спортшысы Әли Мабрук әл-Мабрукты жеңді. Жекпе-жекте есеп 2:0 болып тіркелді. Оған дейін Батырхан Төлеуғали алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) айқын басымдықпен жеңген болатын. Бұл лицензия — таеквондодан ұлттық құраманың алғашқы жолдамасы. Олимпиада жолдамасын алған Батырхан Төлеуғали ...

    Read More »

    Олимпиада жолдамасына төрт таеквондошы таласады

    15-16 наурыз аралығында Қытайдың Тайань қаласында таеквондодан Париж Олимпиадасына жолдама тарататын Азия аймақтық іріктеу турнирі болады, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы. Құрлық додасында 33 елден келген 96 спортшы қатысады. Турнирге Қазақстаннан жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері (2022), Спартакиада жеңімпазы, 17 жастағы Батырхан Төлеуғали (80 кг), Самирхон Абабакиров (58 кг) қатысады. Самирхон 20 жаста. Ол — ...

    Read More »

    Боксшы Айбек Оралбай Олимпиада лицензиясын жеңіп алды (ВИДЕО)

    Бокстан Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде 92 келі салмақтағы Азия чемпионы Айбек Оралбай Олимпиадаға жолдаманы жеңіп алды. Ол 1/4 финалда АҚШ-тың өкілі Жамар Таллейді барлық раундта жеңіп, төрт жылда бір келетін додада өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Осы салмақта Токио Олимпиадасында Василий Левит күш сынасқан еді. Бұған дейін хабарланғандай, көптен бері халықаралық аренаға шыға алмай жүрген 92 келі салмақтағы ...

    Read More »