Сингапурда су спорты түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Карина Магрупова финалға шықты. Ол техникалық жаттығуда 232.2050 ұпай жинап, 12-орынға ие болды. Бұл нәтиже финалға қатысуға мүмкіндік берді. Осы жарыста әлемнің 35 елінен келген спортшылар жүлдеге таласып, 12 адам ғана финалға жолдама алды. Финал 19 шілдеде болады. Дастан КЕНЖАЛИН, АСТАНА
Read More »