Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті 2020 жылғы Олимпиялық ойындарда ту ұстаушылар киген костюмді Ұлттық музейдің қорына табыс етті, деп хабарлады Olympic.kz. Бұл — Халықаралық Олимпиада күнін атап өту аясындағы алғашқы іс-шара. Ұлттық Олимпиада комитеті бірегей киім үлгісін музейдің коллекциясына тапсырды. Киім үлгісімен Токио Олимпиадасының ашылу салтанатында Олимпиялық ойындар мен бокстан әлем чемпионатының жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев пен еліміздегі ең танымал спортшы, жеңіл атлетикадан ...
Read More »Tag Archives: Киім
Олимпиадаға арналған киім формасының дизайнына жаңа конкурс жарияланды
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» Париждегі жазғы Олимпиадаға арналған Қазақстан ұлттық құрамасының киім формасы мен оған қосымша керек-жарақ жабдықтардың дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге арналған конкурс қайтадан жарияланғанын хабарлады. Осыған дейінгі ақпан айында басталған ұлттық құраманың киім формасы мен оған қосымша керек-жарақ жабдықтардың дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге арналған конкурста қатысушылардың ешбір эскизі комиссия мүшелерінің көңілінен шықпауына ...
Read More »Олимпиада киімінің дизайнына ашық конкурс жарияланды
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің Спортты дамыту дирекциясы биыл Парижде өтетін жазғы Олимпиадаға арналған Қазақстан ұлттық құрамасының киім формасы мен оған қосымша керек-жарақ жабдықтардың дизайн тұжырымдамасын әзірлеуге арналған ашық конкурс жарияланғанын хабарлады. Киімдер салтанатты рәсімге және жаттығуға арналған жұптан тұрады. Конкурс кезінде келіп түскен жұмыстарды арнайы комиссия құрамы қарап, ортақ шешім қабылдайды. Жұмыс тобының қатарына Туризм ...
Read More »«Азиададағы спорт киіміміз сын көтермейді» — министрлік жауап берді (ВИДЕО)
Кеше Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында маунтинбайктен Қазақстан құрамасының спортшысы Алина Сарқұлова спорт киімдерінің сын көтермейтінін, аяқ киім мен жейденің жыртыла беретінін айтып, видео жариялаған болатын. Мен кроссивкимен екі рет қана жүрдім. Екінші рет кигенде жыртылып кетті. Жейдемді қараңыздаршы жібптері сөгіліп жатыр, — деген еді ол. Бүгін Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясы ұлттық құрама спортшыларының киіміне ...
Read More »Отандық дизайнерлер ұлттық құраманың Олимпиадаға киімін тігеді
Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова келесі жылы Францияның Париж қаласында өтетін Олимпиялық ойындарға Қазақстан құрамасының формасын отандық дизайнерлер әзірлеп, тігетінін айтты. Былтыр Бейжіңде жалауы желбіреген Қысқы Олимпиаданың киім үлгісін ресейлік дизайнерлер жасаған еді. Енді биыл қазақстандық дизайнерлер киім үлгісін жасап береді. Олардың арасында үздік киім үлгісіне байқау өткізіледі. Үздік дизайнға байқау 14 ...
Read More »