• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Лионель Месси

    Месси туралы жеті жыл бұрынғы болжам

    АҚШ-тың Даллас қаласының тұрғыны Хосе Мигель Поланко Лионель Мессидің биылғы чемпионаттағы жеңісін бірнеше жыл бұрын болжаған екен. Оның Тwitter парақшасына 2015 жылы салған посты қазір әлеуметтік желілерге кеңінен тарап, көпшілікті таңдандырып жатыр. Бір қызығы, ол сол постында биылғы футболдан әлем чемпионатын қысқа да нұсқа болжап көрген. 2022 жылдың 18 желтоқсанында 34 жастағы Лионель Месси әлем чемпионтында жеңіске жетіп, үздік ойыншы ...

    Read More »

    Месси, Мбаппе, Марокко, Мартинес, Модрич — Мундиаль қорытындысы

    Бүгін түнде Катарда төрт жылда бір рет өтетін футболдан әлем чемпионаты мәресіне жетті. Футболдан әлем чемпионатының финалдық кездесуінде Аргентина құрамасы Франция командасын матчтан кейінгі пенальти сериясы қорытындысымен ұтып, чемпион атанды. Осымен, аргентиналықтар бұл атақты үшінші мәрте жеңіп алды. Финалдың алдында екі құрама да бұған дейін екі дүркін чемпион болып тұрды. Атап айтқанда, Аргентина 1978 және 1986 жылдары, Франция 1998 және ...

    Read More »

    «Мессидің жүрегін қарс айырады». Сарапшы әлем чемпионын атады

    Британдық белгілі журналист әрі тележүргізуші Пирс Морган Франция құрамасы әлем чемпионы атағын қорғап қалады деп ойлайды. Ол Катардағы әлем чемпионатында француздар Аргентина құрамасын ұтатынын айтты. Франция қалай болса да, әлем чемпионатында жеңіске жетеді де, Мессидің жүрегін қарс айырады деп ойлаймын, — деп жауап берген Морганның сөзін talksport.com. хабарлады. Әлем чемпионатындағы Франция мен Аргентина арасындағы финал 18 желтоқсанда өтеді. Ал бір күн ...

    Read More »

    Мессиді барынша шектеуге тырысамыз — Дидье Дешам

    Футболдан Франция құрамасының бас жаттықтырушысы Дидье Дешам Аргентина командасы мен Лионель Месси туралы ойын айтты. 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында франциялықтар Аргентинаны 1/8 финалда ұтқан болатын. Осы жолы екі команда финалда ойнайды. Бұл оңай болған жоқ. Бірақ ойын сапасы, тәжірибе мен ойлау арқасында біз финалға жеттік. Месси турнир басынан тамаша ойнады. Төрт жылдан кейін ол бізге қарсы орталық шабуылшы ...

    Read More »

    Месси тағы бір рекордты жаңартты

    Аргентина ұлттық құрама командасының шабуылшысы әрі капитаны Лионель Месси футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір рекордты жаңартты. Ол Аргентина мен Хорватия командаларының матчында 11 метрлік айып добын соғып, екінші таймда командаласы Хулиан Альвареске нәтижелі пас беріп, әлем чемпионаттарындағы голдарының санын 11-ге, пастарының санын 9-ға жеткізді. Осылайша, «Алтын доптың» 7 дүркін иегері Месси Мирослав Клозеден (16 гол + 3 ...

    Read More »

    Аргентина финалға шықты

    Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Аргентина құрамасы жартылай финалда Хорватия командасын 3:0 есебімен ұтып, финалға шықты. Бұл кездесуде аргентиналықтар сапында бірінші голды Лионель Месси салды. Ол 11 метрлік айып добын соғып, қақпаны дәл көздеді. Араға бес минут салып Месси хорваттардың бірнеше футболшысын алдап, командаласы Хулиан Альварестің есепті еселеуіне мүмкіндік жасап берді. Үзілістен кейін Хорватия сапында бірден үш ойыншы тыңнан ...

    Read More »

    Лионель Месси «Алтын допқа» басты үміткер атанды

    Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Аргентинаның ұлттық құрама командасының капитаны, әлемнің жеті дүркін үздік ойыншысы, «Алтын бутсы» атағының алты дүркін иегері Лионель Месси тағы да «Алтын допқа» басты үміткер атанды. Goal футбол сайтының хабарлауынша, әлем чемпионатының ширек финалынан кейін үздік ойыншы атанған Л.Месси «Алтын доп» үміткерлерінің де көшін бастады. Бұл атаққа Мессиден басқа онымен «ПСЖ» клубында (Париж) бірге ойнайтын Франция ...

    Read More »

    «Канело» Мессиден кешірім сұрады

    Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес футболдан Аргентина ұлттыұ құрама командасының ойыншысы Лионель Мессиден кешірім сұрады. «Кейінгі бірнеше күн еліме деген сүйіспеншілік мені елітіп кетті. Содан артық айтып қойған екенмін. Месси мен Аргентина халқынан кешірім сұрағым келеді. Күнде бір жаңа дүниені біліп жатамыз. Бұл жолы менің кезегім келіпті, — деп жазды «Канело» Twitter желісінде. Бұған дейін Сауль «Канело» Альварес Мессиді киім ауысыратын ...

    Read More »

    «Ақталуға қақымыз жоқ»: Месси Аргентинаның жеңілісі туралы айтты

    Лионель Месси Катарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Сауд Арабиясы құрамасынан жеңілген Аргентина командасының ойыны туралы айтты. «Сауд Арабиясынан жеңіліп, психологиялық соққы алдық. Чемпионатты осылай бастаймыз деп ойламаған едік. Біз өзімізге сенімді болдық. Үш ұпай алып, жанымыз тыныш болсын дедік. Бірақ бәрінің оңай бола қоймайтынын көрдік. Біз қарсыласымызды жақсы біліп, ойнадық. Голды тез салдық. Содан кейін тағы да қақпаны дәл ...

    Read More »

    Әлем чемпионаты: Лионель Месси еш жарақатсыз командаға қосылды

    Футболдан Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси әлем чемпионатына дайындалу үшін БАӘ-не барып, командаға қосылды. Месси Әбу-Дабиге «Ювентус» клубының ойыншылары Анхель Ди Мария мен Леандро Паредеспен бірге келді. 16 қарашада Аргентина құрамасы Біріккен Араб Әмірліктерінің командасымен жолдастық матч өткізеді. Ал әлем чемпионатының топтық кезеңінде Аргентина құрамасы «C» тобында Сауд Арабиясы, Мексика мен Польша командаларына қарсы ойнайды. Аргентина құрамасы 1978 және 1986 жылдары ...

    Read More »