Алғаш рет әлем чемпионы атанған Лионель Месси Аргентина құрамасында қалатынын мәлімдеді.
Ол бұған дейін әлем чемпионаты аяқталысымен ұлттық құрама командадан біржолата кетемін деген сөзінен айнып, енді Аргентина әлем чемпионы болған соі, оның жейдесінде ойнағысы келетінін айтты.
Бұл туралы ол әлем чемпионатының финалы біткен кезде ескертті.
Мен әлем чемпионы атанғым келді. Енді міне, сол атаққа жетіп отырмын. Ал мына кубокты қараңыздаршы, қандай керемет! Қанда әдемі! Әлем чемпионы болу менің арманым еді. Мен мұны шынымен жан-тәніммен қаладым. Құдай маған әлем чемпионы атағын бергісі келді. Мен де солай болатынын сездім. Біз көп қиналдық. Бірақ бәрін жеңіп шықтық. Аргентина құрамасынан кететін уақыт келді деп ойламаймын. Әлем чемпионының жейдемін әрі қарай киіп, тоздырғым келеді, — деп ол TyC Sports-ке берген сұхбатында.
Месси алғаш рет әлем чемпионы атанды. Финалда оның құрамасы Франция командасын пенальти сериясында 4:2 (қосымша уақытта 3:3) есебімен ұтты. Кездесуде аргентиналық дубль жасады.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА