• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Балалар Өскеменде «Қасым батыр» залына барады

    Өскемен қаласында Халық қаһарманы, партизан жазушы Қасым Қайсенов атындағыжаттығу  залының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс өткен  игі іс «Qazaqstan ardagerleri» қауымдастығының ұйымдастыруымен және  Amanat партиясының қолдауымен жүзеге асты.

    Батыр Қасым Қайсеновтің есімін иеленген жаңа спорттық  жаттығу залының ашылу рәсімінде Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар, Amanat пкартиясы фракциясының мүшесі, Мәжіліс депутаты,  «Qazaqstan ardagerleri» қауымдастығының төрағасы  Бақытбек Смағұл,  Өскемен қалалық гарнизонының бастығы, Қасым Қайсенов атындағы  №27943 әскери бөлімнің  командирі  подполковник Аслан Кітапбаев,  Шығыс  Қазақстан облысы бойынша ҰҚК-не қарасты   Шекара қызметі  департаментінің бастығы полковник  Серік Рахымов,  Қасым Қайсеновтың  туысқаны бокстан еңбек сіңірген бапкер  Бағлан Райымханов,  Алматы облыстық мәслихатының депутаты, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы спорт клубының  негізін қалаушысы әрі бас  бапкер Нұрсұлтан Орынбасаров қатысып, құттықтау сөздерін арнап, жастарға сәттілік тіледі.

    Спорттық жаттығу залының ашылу рәсімінде Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың құттықтау хатын Бақытбек Смағұл, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың құттықтауын Аслан Қітапбаев оқып беріп, жастарды салуаттылыққа, отансүйгіштікке баулуға бет бұрған азаматтарға табыс етті.

    «Qazaqstan ardagerleri» қауымдастығының төрағасы  Б.Смағұл  Бауыржан Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісін спорттағы жетістіктер мен өңір тіршлігінінің түлеуіне елеулі үлес қосып келе жатқан   қала әкімі Жақсылық Омар, Мавлют Мурадов, Евгений Прилуцкий, Ислана Джумабекова, Нұркелді Қайырбек, Айдын Манатбекұлы және Қасым Қайсенов атындағы клубтың бапкерлері Асылбек Темірбеков пен Солтан Ахметовке табыс етті.

    Сонымен бірге жиылған көпшілік алдында клубтың мүшелері  Сабина Мағзиева, Саида Айдархан,  Нұркелді Қайырбекке грэпплинг күресінен спорт шеберлігіне үміткер куәлігі берілді.

    2020 жылы негізі қаланған Қасым Қайсенов атындағы  спорт клубында бүгінгі күнде 90-нан астам балғын балаларт спорт түрлерін меңгеріп келеді.  С.Ахметов пен А.Темірбековтердей  білікті бапкерлердің  тәлімін алған шәкірттер арасында әлем чемпионы, Азия біріншілігінің жеңімпазы атанған талантты жастар өсіп жатыр.

     

    Қуан ҚАЗАҚ,

    ӨСКЕМЕН

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *