Футболдан әлем чемпионатының Аргентина мен Франция құрамалары арасындағы финал аяқталғаннан кейін Париж көшелерінде жаппай тәртіпсіздік қайталанды.
Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, алаңға шыққан жанкүйерлер полицейлерге қарсы шығып, тәртіпсіздікке жол бере бастағаннан кейін оларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолдануға тура келген. Сақшылар кейбір жанкүйерлерді ұстап алып та кетті.
Еске сала кетсек, бұған дейін осы әлем чемпионатының жартылай финалында Францияның ұлттық құрамасы Марокко командасын жеңгеннен кейін де жаппай тәртіпсіздіктер болған еді.
Еркеғали БЕЙСЕНОВ,
АСТАНА