• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Франция

    Францияда футболшы әйелдерге хиджаб киюге рұқсат берілмеді

    Францияның жоғарғы әкімшілік соты – Мемлекеттік кеңес Ислам дінін ұстанатын футболшы қыздар мен әйелдерге хиджаб киюге тыйым салуды қолдады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Франция футбол федерациясы (FFF) ойыншыларға ресми матчтарда, сондай-ақ өзі ұйымдастыратын жарыстарда хиджаб пен басқа да діни киімдерді киюге тыйым салады. Дегенмен бір топ футболшы бұл тыйымға қарсы шыққысы келіп отыр екен. Сот хиджабқа тыйым салуды қолдап, спорт федерацияларының ...

    Read More »

    Килиан Мбаппе 200-ші голын соқты

    «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе Франция чемпионатының 25-турында «Марсельмен» кездесуде (3:0) дубль жасады. Осылайша, ол 200-ші голын соқты. Мбаппе команданың үздік бомбардирлері арасында Эдинсон Каванимен бірінші орынды бөлісті. Жеңіс «ПСЖ-ға» 60 ұпай жинауға және екінші орында тұрған «Марсельден» (52) 8 ұпай алға шығуға мүмкіндік берді. 4 наурызда «ПСЖ» «Нантқа» қарсы, ал келесі күні «Марсель» «Реннге» қарсы ойнайды. Мбаппе 2022 ...

    Read More »

    Шетелдің атақты спортшысы Қазақстанда жаттығып жатыр

    Францияның атақты дзюдошысы, үш мәрте Олимпиада, 11 дүркін әлем және 5 рет Еуропа чемпионы атанған Тедди Ринер Қазақстанда жаттығып жатыр. Қазақстан дзюдо федерациясының хабарлауынша, еліміздің ерлер және әйелдер ұлттық құрамалары жаңа маусымға дайындықты бастады. Құрама командалар Франция дзюдо федерациясымен бірігіп, жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиындарын Алматы қаласы мен Алматы облысында өткізуде. Бұл жиында отандастарымыз франциялық спортшылармен шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуда. Алматы ...

    Read More »

    «ПСЖ» клубы Килиан Мбаппені қаншаға сататынын мәлімдеді

    Францияның «Пари Сен-Жермен» клубы шабуылшы Килиан Мбаппені өтемақы есебінде 300-350 млн еуроға сатуға дайын отыр. The Telegraph-тың хабарлауынша, футболшымен 2025 жылға дейін келісімшарт жасалған. Алайда франциялық шабуылшы кетемін деген жағдайда тиісті ұсыныс түссе, клуб оны сата алады. «ПСЖ» Мбаппені 300-350 млн еуроға бағалап отыр. Кезінде «Реал» бізге қарағанда, Килианға көп ақша ұсынған болатын. Бірақ ол бізді таңдады. Ең бастысы да ...

    Read More »

    Мессидің финалдағы голы есептелмеуі керек  – БАҚ

    L’Equipe газеті Катарда футболдан өткен әлем чемпионатының финалында Мессидің 108-минутта Франция қақпасына салған голы есептелмеуі керек деген материал жариялады. Кездесудің қосымша уақытында есеп 2:2 болып тұрғанда Лионель Мессидің голы Аргентина құрамасын алға шығарған еді. Осы голдан кейін оңтүстікамерикалықтардың қосалқы құрамының ойыншылары қуанып, алаңға шығып кеткен болатын. Льористің сейвінен кейін Месси гол салғанда Аргентина құрамасы қосалқы құрамының ойыншылары эмоцияға беріліп, алаңға шығып ...

    Read More »

    Бензема Франция құрамасына қатысты мәлімдеме жасады

    Карим Бензема Францияның ұлттық құрама командасындағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter желісінде жазды. Осы кезге дейін ұлттық құраманың сапында біраз тер төктім. Қателіктер жасадым. Осы күнге дейін ойнап, жетістікке жеткенімді мақтан тұтамын. Мен ұлттық құрамада қолтаңбамды қалдырдым. Осымен біздің жолымыз тәмам, – деп жазды Бензема. Биыл Карим Бензема әлемнің үздік ойыншысына берілетін «Алтып доптың» иегері атанды. Ол Испанияның «Реал» ...

    Read More »

    «Мен оның уайымын түсінемін». Франция президенті Мбаппені жұбатты

    Франция президенті Эммануэль Макрон Аргентинамен финалдағы жеңілістен кейін ұлттық команданың шабуылшысы Килиан Мбаппеге қолдау көрсетті. Оның айтуынша, француздар бірінші таймда сәтсіз өнер көрсетті. Бірақ Мбаппе ойынды өзгерте алды. Мбаппе – керемет ойыншы. Алайда ол – жас. Мен оған небәрі 24 жаста екенін айттым. Ол осы әлем чемпионатының үздік шабуылшысы атанды. Қазірдің өзінде финалға жетті, чемпион болды. Мен оның уайымын түсінемін. ...

    Read More »

    Парижде жаппай тәртіпсіздік тағы қайталанды

    Футболдан әлем чемпионатының Аргентина мен Франция құрамалары арасындағы финал аяқталғаннан кейін Париж көшелерінде жаппай тәртіпсіздік қайталанды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, алаңға шыққан жанкүйерлер полицейлерге қарсы шығып, тәртіпсіздікке жол бере бастағаннан кейін оларды тарату үшін көзден жас ағызатын газ қолдануға тура келген. Сақшылар кейбір жанкүйерлерді ұстап алып та кетті. Еске сала кетсек, бұған дейін осы әлем чемпионатының жартылай финалында Францияның ұлттық ...

    Read More »

    Месси, Мбаппе, Марокко, Мартинес, Модрич — Мундиаль қорытындысы

    Бүгін түнде Катарда төрт жылда бір рет өтетін футболдан әлем чемпионаты мәресіне жетті. Футболдан әлем чемпионатының финалдық кездесуінде Аргентина құрамасы Франция командасын матчтан кейінгі пенальти сериясы қорытындысымен ұтып, чемпион атанды. Осымен, аргентиналықтар бұл атақты үшінші мәрте жеңіп алды. Финалдың алдында екі құрама да бұған дейін екі дүркін чемпион болып тұрды. Атап айтқанда, Аргентина 1978 және 1986 жылдары, Франция 1998 және ...

    Read More »

    Бүгін әлемнің жаңа чемпионы анықталады

    Бүгін Катарда өтіп жатқан футболдан XXXII әлем чемпионаты өзінің мәресіне жетеді. Финалдық матчта Аргентина мен Франция құрамалары кездеседі. Кездесу Доха қаласының іргесінде осы чемпионат үшін арнайы салынған Лусаил кентінде бой көтерген өзімен аттас «Лусаил» стадионында өтеді. Ол Астана уақытымен 21:00 сағатта басталады. Аргентина құрамасы осымен әлемнің соңғы үш чемпионатында екінші рет финалға дейін жетіп отыр. Ол 2014 жылы Бразилияда жалау ...

    Read More »