• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бензема Франция құрамасына қатысты мәлімдеме жасады

    Карим Бензема Францияның ұлттық құрама командасындағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді.

    Бұл туралы ол Twitter желісінде жазды.

    Осы кезге дейін ұлттық құраманың сапында біраз тер төктім. Қателіктер жасадым. Осы күнге дейін ойнап, жетістікке жеткенімді мақтан тұтамын. Мен ұлттық құрамада қолтаңбамды қалдырдым. Осымен біздің жолымыз тәмам, – деп жазды Бензема.

    Биыл Карим Бензема әлемнің үздік ойыншысына берілетін «Алтып доптың» иегері атанды. Ол Испанияның «Реал» клубында ойнайды. Бензема ұлттық құраманың сапында 97 матч өткізіп, 37 голдың авторы болды.

    Шабуылшы Катардағы әлем чемпионатына жарақаты салдарынан бара алмай қалған еді. Алайда жарасы жазылғаннан кейін ол мундиальдің шешуші ойындарына шақырту алмады. Осы үшін Бензема құраманың бас жаттықтырушысы Дидье Дешамға ренжіген деген пікір бар.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *