• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Шетелдің атақты спортшысы Қазақстанда жаттығып жатыр

    Францияның атақты дзюдошысы, үш мәрте Олимпиада, 11 дүркін әлем және 5 рет Еуропа чемпионы атанған Тедди Ринер Қазақстанда жаттығып жатыр.

    Қазақстан дзюдо федерациясының хабарлауынша, еліміздің ерлер және әйелдер ұлттық құрамалары жаңа маусымға дайындықты бастады.

    Құрама командалар Франция дзюдо федерациясымен бірігіп, жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиындарын Алматы қаласы мен Алматы облысында өткізуде. Бұл жиында отандастарымыз франциялық спортшылармен шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуда.

    Алматы қаласындағы дзюдо академиясында ауыр салмақтағы татами шеберлері жаттығуда. Ал Алматы облысындағы «Жаңашар» олимпиадалық даярлау орталығында қалған салмақтағы 100-ге жуық спортшы шеберлігін шыңдауда.

    Оқу-жаттығу жиынына 2022 жылғы ел чемпионатының қорытындысы бойынша жасақталған құрама дзюдошылары шақырту алған. Мұнда балуандар Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасының бас бапкерлері Нұрбол Сүлейменов пен Ерлан Алпысбаевтың, сондай-ақ франциялық жаттықтырушы-кеңесшілер Ксавье Монденкс пен Стефан Трайноның жетекшілігімен жаттығуда.

    Оқу-жаттығу жиыны 22 қаңтарға дейін жалғасады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *