Франция президенті Эммануэль Макрон Аргентинамен финалдағы жеңілістен кейін ұлттық команданың шабуылшысы Килиан Мбаппеге қолдау көрсетті.
Оның айтуынша, француздар бірінші таймда сәтсіз өнер көрсетті. Бірақ Мбаппе ойынды өзгерте алды.
Мбаппе – керемет ойыншы. Алайда ол – жас. Мен оған небәрі 24 жаста екенін айттым. Ол осы әлем чемпионатының үздік шабуылшысы атанды. Қазірдің өзінде финалға жетті, чемпион болды. Мен оның уайымын түсінемін. Бұл – спорт, — деді Эммануэль Макрон.
Бұл жолы Аргентина құрамасы үшінші рет әлем чемпионы атанып отыр. Ал олардың финалдағы қарсыласы – француздар 1998, 2018 жылдары әлем чемпионы болған еді.
Еркеғали БЕЙСЕНОВ,
АСТАНА