Югославия және серб футболының ардагері Синиша Михайлович 53 жасында қайтыс болды.
La Gazzetta dello Sport басылымы Михайловичтің Римдегі емханада қайтыс болғанын хабарлады. Жаттықтырушының отбасы Михайловичтің ұзақ уақыт емделгенін, оны емдеуге көмектескен дәрігерлерге алғысын білдірген.
2019 жылдың шілдесінде Михайлович өзіне лейкоз диагнозы қойылғанын және оны «шабуылдап ойнау» арқылы жеңгісі келетінін айтқан болатын.
Михайлович Югославияның «Црвена Звезда», Италияның «Рома», «Сампдория», «Лацио» және «Интер» клубтарында ойнаған.
Жаттықтырушылық қызметін 2006 жылы бастап, «Интер» клубында бапкердің көмекшісі болды. Одан кейін «Фиорентина», «Сампдория», «Торино», «Милан» клубтары мен Сербияның ұлттық құрама командасын басқарды.
Дастан КЕНЖАЛИН,
АСТАНА