• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Марат Омаров

    «ПСЖ» президенті Нассер әл-Хелаифи ҚФФ кеңсесіне келді

    «Пари Сен-Жермен» футбол клубының президенті, УЕФА Атқарушы комитетінің мүшесі Нассер әл-Хелаифи Қазақстанға сапары аясында Қазақстан футбол федерациясының кеңсесіне келді, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Ол ҚФФ президенті Марат Омаровпен кездесіп, Қазақстандағы футболдың дамуын, екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және ықтимал инвестициялық әріптестік бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, Нассер әл-Хелаифи Қазақстан футбол федерациясының музейіндегі ел футболының тарихына арнап қойылған экспозициялармен танысты. Кейін «Астана» және «Жеңіс» ...

    Read More »

    «Менің басты мақсатым – берік жүйе құру». ҚФФ президентімен сұхбат

    Биыл Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына Марат Омаров тағайындалғанына жарты жыл толды. Осы уақыт аралығында отандық футбол жүйесінде ауқымды өзгерістер басталды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Бұл сұхбатта ҚФФ президенті стратегиялық басымдықтар, клубтарды жекешелендіру, бизнес әріптестік, ұлттық құрамалар және адал ойын принциптері туралы айтты. – Марат Талғатұлы, федерацияны басқарғаныңызға жарты жыл болды. Осы уақыт ішінде өзіңіз үшін қандай басты мақсаттар ...

    Read More »

    Марат Омаров: «Әр ауылда футбол алаңы болуы үшін жұмыс істеп жатырмыз»

    Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров Qazsport телеарнасына сұхбат беріп, ҚФФ өңірлік инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытып жатқанын, ҚФФ-ның елімізде Конференциялар лигасының немесе УЕФА Суперкубогының финалын өткізуге дайын екенін және саланы тұрақты дамытуда клубтарды жекешелендірудің маңызды екенін айтты. Яғни, ол футболдың мемлекеттен қаржыландырылмау керектігін атап өтті. Енді осыларды рет-ретімен айтса кетсек, ҚФФ басшысының айтуынша, ел тарихында алғаш рет FIFA-ның қолдауымен мектептерде ...

    Read More »

    Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды

    Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының XXVII Сайлау конференциясы болды. Онда федерацияның жаңа президенті сайланды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. Ең көп дауыс жинаған Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының президенті атанды. Ол 1988 жылы туған. 2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша британдық Йорк университетін «философия, саясаттану, экономика» мамандығы бойынша, 2011 жылы әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесі беріле отырып, Лондон экономика және саяси ғылымдар ...

    Read More »