• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Қазақстан футбол федерациясы

    Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды

    Бүгін Астанада Қазақстан футбол федерациясының XXVII Сайлау конференциясы болды. Онда федерацияның жаңа президенті сайланды, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы.

    Ең көп дауыс жинаған Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының президенті атанды. Ол 1988 жылы туған.

    2010 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша британдық Йорк университетін «философия, саясаттану, экономика» мамандығы бойынша, 2011 жылы әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесі беріле отырып, Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін (LSE) бітірді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

    2012-2014 жылдары — Экономикалық даму және сауда, кейіннен- Экономика және бюджеттік жоспарлау, Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі.

    2014-2016 жылдары — Ұлттық экономика министрлігінің тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары.

    2016-2017 жылдары — «Қазақтелеком» АҚ-ның басқарушы директоры.

    2017-2019 жылдары — «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ Басқарма төрағасы, трансформациядан кейін — «QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді).

    2019 жылдан бастап 2020 жылғы қазанға дейін — «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ басқарушы директоры — Басқарма мүшесі. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

    2020 жылғы қазаннан 2022 жылғы тамызға дейін — Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

    2022 жылғы 16 тамызда  Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

    Осы аптада Қазақстан гимнастика федерациясының басшысын да сайлау болды. Оның президенті болып Әлия Юсупова қызметіне қайта сайланды.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *