Нилуфар Раймова қырғыз өкілі Бермет Нуридинқызын Азия чемпионатының қола жүлде үшін белдесуінде жеңіп, жүлдеге ие болды. Қазақстан әйелдер құрамасында үшінші қола медаль алған Нилуфар Раймова жарыстан кейін сұхбат берді. — Алғашқы белдесуімде тайпэйлік Ю Ченг Хангпен кездестім. Бірінші кездесуім болғасын қиындау болды. Ауыр болды. Оны 6:5 есебімен жеңдім. Бірінші кездесу бәріне қиын болады. Екінші қарсыласым өзбекстандық Ләйла Сабировамен бұрын кездеспегенмін. ...
Read More »