• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Tag Archives: Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

    Бұл – үлкен жетістік: Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны құттықтады (ВИДЕО)

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады. Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл — үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін!, — деп жазды мемлекет басшысы Instagram парақшасында. Бүгін Рыбакина WTA 500 турнирінде әлемнің 27-ракеткасы, украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңген болатын.

    Read More »

    Президент Рыбакинаға бағалы сыйлық берді

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинамен кездесті. Президент Australian Open, Индиан-Уэллс және Майами турнирлерінде керемет өнер көрсеткен Елена Рыбакинаны құттықтап, шеберлігі мен жеңіске деген ерік-жігері үшін ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы Қазақстан теннисшілерінің жетістігі өскелең ұрпақ арасында осы спорт түрінің танымалдылығын арттыруға септігін тигізетінін атап өтті. Елена Рыбакина жеңіс тұғырынан көрінген сәттерінде қолдау білдіргені және жүрекжарды құттықтауларын жолдағаны үшін президентке ...

    Read More »

    Президент Шавкат Рахмоновпен кездесті

    Мемлекет басшысы аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновпен кездесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмонов секілді мықты атлеттердің жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігі өскелең ұрпақты жігерлендіретінін, саламатты өмір салтын ұстануға ынталандыратынын айтты. Сонымен қатар президент спортшының алдағы уақытта биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Өз кезегінде Шавкат Рахмонов ...

    Read More »

    Тоқаев тұңғыш әлем чемпионын құттықтады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аралас санатта Тунисте өткен үстел теннисінен әлем чемпионы атанған Алан Құрманғалиевті құттықтады, деп хабарлады Ақорда. Қазақстанда үстел теннисінің жанкүйерлері өзіңді мақтан тұтады. Осы жетістіктеріңмен шектелмей, беделді әлемдік турнирлерінде ең жоғары жүлделерге ие болу үшін спорттағы шеберлігіңді шыңдай түсуіңе тілектеспін. Бұл міндет сенің қолыңнан келеді! Талмай еңбек ет, күрес және жеңістерге жете бер! – деп жазылған мемлекет басшысының ...

    Read More »