• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Тоқаев тұңғыш әлем чемпионын құттықтады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аралас санатта Тунисте өткен үстел теннисінен әлем чемпионы атанған Алан Құрманғалиевті құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

    Қазақстанда үстел теннисінің жанкүйерлері өзіңді мақтан тұтады. Осы жетістіктеріңмен шектелмей, беделді әлемдік турнирлерінде ең жоғары жүлделерге ие болу үшін спорттағы шеберлігіңді шыңдай түсуіңе тілектеспін. Бұл міндет сенің қолыңнан келеді! Талмай еңбек ет, күрес және жеңістерге жете бер! – деп жазылған мемлекет басшысының жеделхатында.

    10 желтоқсанда теннисші Алан Құрманғалиев 15 жасқа дейінгі аралас жұптық сында мысырлық Хана Годамен бірлесіп, финалда Тьяго Абиодана мен Мария Берзосты (Португалия/Испания) сенімді ұтқан. Есеп: 3:0. Осылайша, ол үстел теннисінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық спортшы атанды.

     

    Дәурен ЕРБОЛАТ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *