• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Кәсіпқой боксшы америкалық қарсыласын нокаутқа түсірді

    Боксшы Николай Шваб АҚШ-тың Оңтүсік Каролина штатында өткен Рок-Хилл бокс кешінде америкалық Габриэль Смитпен жекпе-жекке шықты. Отандасымыз қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсіріп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

    Осылайша Николай Шваб кәсіпқой бокстағы оныншы рет жеңіске жетсе, Габриэль Смит алтыншы рет жеңіліп қалды.

    Шваб өзінің алдыңғы жекпе-жегінде венесуэлалық боксшы Хесус Куадроны тоғызыншы раундта нокаутқа түсіріп, WBA екінші дәрежелі чемпиондық белбеу – WBA Fedecaribe иегері атанған болатын.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *